Алға ауданының әкімі М.Д.Аққағазовтың тұрғындар алдындағы «Алға ауданының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер» атты есепті баяндамасының ТЕЗИСТЕРІ

2020 жылдың Қазақстан Республикасының экономикасы және жалпы адамзат дамуы үшін оңай жыл болмағанын барлығымыз жақсы білеміз. Еліміз әлемді шарпыған пандемиямен күрес жолында бір кісідей жұмылып, індетке тойтарыс берді. Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың басшылығымен мемлекетіміз пандемиямен күреске және әлем дағдарысқа ұшыраған кезеңдегі экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге баса назар аударды, осы бағытта қыруар қаражат бөлініп, зор күш-жігер жұмсалды.  Бұл ауқымды жұмыстардан біздің ауданда тысқары қалған жоқ, ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы өткен жылда тұрақтылық сипатында болды.   

Алға ауданының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер
Дата публикации
13 января 2021