Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану(жалға алу)құқығын беру жөніндегі өткізілген конкурсқа түскен өтінімдері бар конверттерді ашу рәсімі.
Күн тәртібіне сәйкес комиссия хатшысы жер комисиясына түскен өтінімдерді жариялады және конверттерді ашу рәсімін жасады, онда барлық конверт және өтінім саны 72, оның ішінде: шаруа қожалықтарынан - 48, жеке азаматтардан және дара кәсіпкерлерден - 22, заңды тұлғалардан – 2, (2021 жылғы «06»қаңтардағы1 Жер комиссиясының №1 хаттамасындағы №1және №2 қосымша) сонымен қатар 2021 жылғы 06 қаңтардағы №03-04-61-18/8 «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының «Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бойынша Алға ауданының мүлікті тіркеу бөлімінің басшысы А.Нургалиевтың хатын және «Өсербай» шаруа қожалығының басшысы Е.Усербаевтың, Алға аудандық жер комиссиясының төрағасы А.Бошановтың атына жазған хатын қарады.