Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 2-6-3/175 ұсынысы негізінде, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Қарабұлақ ауылдық округінің Аманкелді ауылы аумағында мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
- Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 19 маусымдағы № 11 «Қарабұлақ ауылдық округінің Аманкелді ауылы аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7211 тіркелген, 2020 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.
- «Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Е.К.Махамбетов