Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алға аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №2-6-3/176 ұсынысы негізінде, Алға қаласының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Мүйізді ірі-қара малдарының арасында бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шараларының жүргізілуіне байланысты, Алға қаласының Комсомольская және Сарыжайлау көшелерінің аумағында белгіленген шектеу іс-шаралары алынсын.
- Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы әкімінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 189 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №7318 тіркелген, 2020 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- «Ақтөбе облысы Алға ауданы Алға қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы шешімді Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Алға ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы шешімнің орындалуын бақылауды қала әкімінің орынбасары Б.А.Досымовқа жүктелсін.
- Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.