Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Алға аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Алға аудандық бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 351 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Алға аудандық бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мына көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 7 1058 035,5 мың теңге:
салықтық түсімдер – 3 402 473 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 41 705 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 10 050 мың теңге;
арнаулы түсімдер – 0 теңге;
трансферттер т үсімі - 3 650 807,5 мың теңге;
2) шығындар – 8 205 419,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 1 446 102 мың теңге:
бюджеттік кредиттер – 1 701 747 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 255 645 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -2 546 486,2 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 2 546 486,2 мың теңге;
қарыздар түсімі – 2 870 385 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 866 014,3 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 542 115,5 мың теңге.»;
көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Алға аудандық мәслихатының төрағасы М. Тулеуов