Жоспарланып отырған қызмет жөніндегі өтініш

Ақтөбе облысы Алға ауданында 5000 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңын салу жұмыс жобасы.

Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысындағы Алға ауданы экономикалық тұрғыдан ауыл шаруашылығы бағытындағы аудан болып табылады. Ауданның көлік жағдайы қолайлы. Бестамақ кенті арқылы Батыс Қазақстанды Ресей Федерациясымен, Орта Азиямен және Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласымен байланыстыратын автомобиль және теміржол жолдары өтеді. Облыс орталығы – Ақтөбе қаласы құм кен орнынан солтүстік-солтүстік-батысқа қарай 25 км жерде орналасқан, аудан орталығы – Алға қаласы және Бестамақ кенті тиісінше оңтүстікке қарай 20 км және 1,0 км жерде орналасқан. Ең жақын елді мекендер арасындағы қатынас топырақ және грейдерлік автомобиль жолдары арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс жүргізілетін аудан шегіндегі топырақ жолдар негізінен жылдың құрғақ мезгілінде автокөліктердің жүруіне жарамды.

Учаскенің ауданы – 60 га. Құрылыс салу алаңы – 343074,79 м². Жолдардың, жаяу жүргіншілер жолдарының және алаңдардың қатты жабынды ауданы – 14870,5 м². Көгалдандыру ауданы – 16550,5 м². Аумақты пайдалану коэффициенті – 65%.

Учаскеде бақылау-өткізу пункті, кеңсе, автомобиль таразысы, гараж, жем-шөп қоймасы, КТП, ДЭС, ветеринариялық корпус, малдарды сұрыптауға арналған қора, малдарды ұстауға арналған қоралар, сүрлем сақтауға арналған алаңдар, су қоры резервуарлары (2×500 м³), қазандық және 15 адамға арналған жатақхана орналастырылады.

Учаскеде қатты жабындысы бар кірме жолдар мен алаңдар жобаланған.

Жоспарланып отырған қызмет жөніндегі өтініш
Дата публикации
26 мая 2026