Алға аудандық мәслихат депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабына, 101-бабының 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы № 60/99 қаулысын басшылыққа ала отырып, Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Алға ауданында Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
Осы қаулы Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Осы қаулы қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
|
Төрағасы |
А.Ажигулов |
|
|
|
|
Хатшы |
Г.Искандырова |
№26
2026 жылғы 13 қазан