
Алмас Гарифуллаевич 1991 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген.
Жоғары білімді. «Қаржы» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша екі жоғары білім алған. С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін және Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы «Восход-Хром» ЖШС-де сорғы қондырғыларының машинисі қызметінен бастаған.
2013 жылдан бастап мемлекеттік қызметте еңбек етіп, Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында қызмет атқарды. Аталған кезеңде жастар тәжірибесінің стажерінен бастап бөлім басшысына дейінгі қызметтік жолдан өтті.
2021 жылы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасында персоналды басқару және жұмылдыру жұмысы бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2021–2025 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппаратында Персоналды басқарудың бірыңғай қызметінде (кадр қызметі) бас маман және бас инспектор лауазымдарында қызмет атқарды.
2025–2026 жылдары Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы, кейін Мәртөк аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
2026 жылғы 1 қазаннан бастап – Алға ауданы әкімінің аппарат басшысы.