
Муканов Сансызбай Калмырзаевич 1978 жылы Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Бесқоспа ауылында дүниеге келген, білімі жоғары.
1995 жылы Ақтөбе «Дүние» университетін экономика және менеджмент мамандығын және 2012 жылы Қазақ-Орыс халықаралық университетін құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған.
Еңбек жолында 2002 – 2021 жылдар аралығында Алға, Қарғалы, Мұғалжар аудандық мемлекеттік кірістер басқармасында жұмыс жасаған. 2021 – 2024 жылдар аралығында Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары, 2024 жылдың сәуір айынан желтоқсан айына дейін “Алға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” ММ басшысы болып қызмет еткен.