Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №254 «2025-2027 жылдарға арналған Үшқұдық ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Алға аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Үшқұдық ауылдық округінің бюджетін бекіті туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №254 шешіміне келесідей өзерістер енгізілсін:

          1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Үшқұдық  ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 69 391  мың теңге:

салықтық түсімдер – 10 469 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 61 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 448 мың теңге;

арнаулы түсімдер-0 теңге;

трансферттер түсімі  -  58 413 мың теңге;

2) шығындар – 72 727,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу- 0 теңге:

бюджеттік кредиттер -      0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0  теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу        - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3 336,4 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 3 336,4 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу - 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 3 336,4 мың теңге.»;

көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Шешім жобасы
Дата публикации
06 ноября 2025