Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, осы Заң Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының азаматтарына және Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қылмыстық жауаптылық пен жаза Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, ал сыбайлас жемқорлыққа байланысты әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылық пен жаза Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген.

Дата публикации
21 мая 2026