GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Все материалы
16 октября 2026
Тоқмансай ауылында сенбілік жұмыстары жалғасып жатыр.

Ауыл тазалығын сақтау мақсатында тазалық жұмыстары жүргізілуде.

07 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы

Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар.

Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс салығы салынбайды.

Жинақтарыңыз туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен және БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосымшасынан тексере аласыз.

02 октября 2026
Қарттар күні – құрмет пен риясыз алғысқа толы күн. Арнайы мерекелік дастарханымызға келе алмаған қарияларымыз да назардан тыс қалмады. Ардақты ақсақалдар мен абзал аналардың үйлеріне барып құттықтап, тәтті-дәмге толы себеттер табысталды.

                                                 Бұл – тек сыйлық емес, бұл – үлкенге деген ізет, өткенге деген тағзым, болашаққа деген сенім.
Ақ батасын берген қарияларымыздың жүзінен қуаныш пен разылық сезімі көрініп тұрды.
Ұлыстың ұйытқысы болған қарттарымыз аман болсын!

02 октября 2026
Халықаралық қарттар күні ауылымызда аталып өтті.

                                 «Қарттарым асыл қазынам» демекші, бұл күн – аға буын өкілдеріне құрмет көрсетіп, олардың өмірлік тәжірибесі мен ақыл-парасатына тағзым ететін маңызды мереке. Ауыл үлкендеріне дастархан жайылып, ас берілді. Жиналған ата-әжелеріміз көрсетілген құрметке риза болып, жүрекжарды алғыстарын айтып, баталарын берді. Олардың қуанышын еселей түсу үшін ауыл өнерпаздары мерекелік концерт ұйымдастырып, ән мен биден шашу шашты.
Қарттарымыз – өткеннің аманаты, бүгіннің шуағы, ертеңнің бағдаршамы.
Олардың қатары сиремей, дендері сау, жүздері жарқын болғай!

16 сентября 2026
Тоқмансай ауылдық округінде күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары басталды.

Тоқмансай ауылдық округінде күзгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары басталды.

Тазалық жұмыстары барысында әкімдік және мәдениет үйі қызметкерлері өздеріне тиесілі аумақтарды ретке келтіріп, айналаны қоқыстан тазалау, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Күзгі тазалық жұмыстары ауылымыздың көркін келтіріп, қоршаған ортаның тазалығын сақтауға бағытталған

16 сентября 2026
«Бір отбасы – бір кәсіп» жобасына қатысқан Бержановтар отбасына ауылымыздың атынан үлкен алғысымызды білдіреміз!

Аудан көлемінде ұйымдастырылған жобаға қатысуға Сержан аға мен Рая апа ауылымыздың атын шығарып, ұсынысымызды қабыл алып, өз отбасылық кәсібін таныстыруға келісімдерін берді.
Еңбектеріңіз бен белсенділіктеріңіздің нәтижесі — аудандық байқауда І орын! 
Сержан аға мен Рая апа, жеңістеріңіз құтты болсын!
Отбасыларыңыздың берекесі артып, кәсібіңіз өркендей берсін! Бірліктеріңіз бекем, еңбектеріңіз жемісті болсын! Ауылымыздың атын осылай абыроймен танытып жүргендеріңіз үшін ризашылығымыз шексіз.
Осы орайда барша ауылдастарымызды да «Бір отбасы – бір кәсіп» секілді жобалар мен қоғамдық шараларға белсене қатысып, ауылымыздың дамуына бірге үлес қосуға шақырамыз.
Бірлік бар жерде — береке бар. Ауылдың абыройы — әр отбасының белсенділігінен басталады! 

16 сентября 2026
Отбасы күніне орай мектебімізде «Қамқор жүрек» акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Отбасы күніне орай мектебімізде «Қамқор жүрек» акциясы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Оқушыларымыз жалғыз тұратын қарт жанның шөпшаңырағына арнайы барып, қолғабыс жасап, қол көмегін беріп келді
«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» дейді халқымыз. Қарттың алғысын алып , ақ батасына бөленді.
Жақсылық жасаудан жалықпайық!
Қамқор жүрек әрдайым жақсылыққа бастайды! 

10 сентября 2026
Тоқмансай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ескельдина Диана Витальевна Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды!

Тоқмансай орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ескельдина Диана Витальевна Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды!

Бұл — ұстаздың білім беру саласындағы қажырлы еңбегінің, кәсіби шеберлігінің және жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі елеулі еңбегінің жоғары бағалануы.

Құрметті Диана Витальевна!
Сізді осы мәртебелі марапатыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! 💐

Сізге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, еңбегіңізге толағай табыс және кәсіби қызметіңізде жаңа жетістіктер тілейміз!

Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз асқақтай берсін! Жетістіктеріңіз көп болсын! 🌟🌹

01 сентября 2026
Тоқмансай орта мектебінде алғашқы қоңырау соғылды

ТОҚМАНСАЙ ОРТА МЕКТЕБІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ! 🔔📚

Бүгін Тоқмансай орта мектебінде жаңа оқу жылының басталуына орай дәстүрлі Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті. 

Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылып, мектеп ауласы қуанышқа, шаттыққа және ерекше толқынысқа бөленді. Ұстаздар мен оқушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен Тоқмансай ауылдық округінің әкімі Кушкимбаев Шоқан Жоламанович және Тоқмансай орта мектебінің директоры Жұмабай Даулет Асқарұлы  құттықтап, ақжолтай тілектер айтылды.

Биыл мектебіміздің табалдырығын алғаш рет 17 бүлдіршін аттап, бірінші сынып оқушысы атанды.

Кеше ғана балабақшада жүрген кішкентай бүлдіршіндер бүгін қолдарына гүл ұстап, мектеп формасын киіп, білім ордасының есігін алғаш рет ашты. Олар үшін бұл күн – өмірлеріндегі жаңа кезеңнің, үлкен армандар мен жарқын мақсаттарға бастар жолдың алғашқы қадамы. 

Алғашқы қоңырау үні бүлдіршіндерге білім әлемінің есігін айқара ашып, оларды қызығы мен қиындығы қатар жүретін ғажайып мектеп өміріне жетеледі. 🔔

01 сентября 2026
"Күміс алқа" алқалары табысталды

🌷 Ана – өмірдің гүлі, әр үйдің берекесі! ✨

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Алға ауданы, Тоқмансай ауылының көпбалалы аналары мемлекеттік наградамен марапатталды.

Ақ жаулықты аналарымыздың қоғамның дамуына қосқан үлесі, саналы әрі өнегелі ұрпақ тәрбиелеудегі ерен еңбегі жоғары бағаланып, «Күміс алқа» төсбелгісі табысталды:

🥈 Байжанова Назгүл Наурызбайқызы

🥈 Сейтимова Ырысгүл Алдашқызы

Ардақты аналарымызды осынау мәртебелі марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз! 💐

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілейміз! Ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, тәрбиелеген ұл-қыздарыңыз елдің мақтанышы болсын!

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы