Образование

Ауылдық округте білім беру нысандары - 2. Қайнар ауылында Тоқмансай орта мектебі орналасқан. Мектеп типтік 2 қабаттан тұрады. Жалпы 20 оқу кабинеті бар. Жабдықталған арнайы оқу кабинеттері: 1 физика кабинеті, 1 химия кабинеті,1 информатика кабинеті, 1 мультимедиялық кабинеті. Сонымен қатар мектепте 1 спорт залы, 1 акт залы, 1 кітапхана бар. Алғашқы әскери дайындық пәніне арналған 1 оқу кабинеті бар. Мектеп асханасы 150 орындық. Акт залы 150 орындық. Мектеп сыйымдылығы - 624 бала, оқушылар контингенті - 186 бала. 2017 жылы күрделі жөндеу жүргізілді. Қазіргі жағдайы күрделі жөндеуді қажет етеді.

Тоқмансай ауылында негізгі мектеп орналасқан. Мектеп типтік 1 қабаттан тұрады. Жалпы 5 оқу кабинеті бар. Жабдықталған 1 информатика кабинеті бар. Бейімделген 1 спорт зал, кітапхана бар. Мектеп асханасы 10 орындық. Мектеп сыйымдылығы - 50 бала, оқушылар контингенті - 59 бала. Ескі ғимарат, күрделі жөндеу жүргізілмеген. Жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі жағдайы күрделі жөндеуді қажет етеді.

Дата публикации
20 октября 2025