ЖОБА
Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 253 «2025-2027 жылдарға арналған Тоқмансай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 85 бабының 3 тармағына, 91 бабының 3 тармағына, 94 және 96 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Заңына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Тоқмансай ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер –177 707 мың теңге:
салықтық түсімдер – 11 279 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 121 мың теңге;
арнаулы түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі - 166 307 мың теңге;
2) шығындар – 180 857,6 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу- 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -3150,6 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 3150,6 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 3150,6 мың теңге.»;
көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Алға аудандық мәслихатының төрағасы М.Тулеуов