Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 372 «2026-2028 жылдарға арналған Тоқмансай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алға аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Тоқмансай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 372 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Тоқмансай ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер –83 059  мың теңге:

салықтық түсімдер –  15 065  мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 212 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 703 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі  -  67 079 мың теңге;

2) шығындар – 87 875,3 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу- 0 теңге:

бюджеттік кредиттер - 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0  теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу  - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -4 816,3 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 4 816,3 мың теңге:

қарыздар түсімі - 0 теңге;

қарыздарды өтеу - 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 4 816,3 мың теңге.»;

көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Алға аудандық мәслихатының төрағасы                     М.Тулеуов

 

 

шешім жобасы
Дата публикации
18 июня 2026