Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 252 «2025-2027 жылдарға арналған Тамды ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Тамды ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №252 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Тамды ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 75 614 мың теңге:
салықтық түсімдер – 23 943 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
трансферттер түсімі - 51 671 мың теңге;
2) шығындар – 80 836,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -5 222,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 5 222,9 мың теңге:
қарыздар түсімі - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 5 222,9 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімдегі қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Алға аудандық
мәслихатының төрағасы М.Тулеуов

шешім
Дата публикации
06 ноября 2025