
Сумен жабдықтау
Тамды ауылы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген АЕМ саны – 1 (Тамды ауылы),
Тамды ауылы бойынша 2010 жылы 525 үйдің 515 үйі орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген.Қалған 10 үй ауласынан су ұңғымасын пайдалануда.
Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы Еркінкүш ауылында, 2024жылы Талдысай ауылында кешенді блок модуль ( КБМ) орнатылды. Барлығы санитарлық нормаларға сәйкес келеді.
Газдандыру
2011жылы Тамды ауылында газ желісі іске қосылды, 525 үйдің 521 үйі газбен қамтылған. 2022 жылы Талдысай ауылы бойынша 55 үй газбен қамтылды, Еркінкүш ауылына 2021 жылы газ құбыры жүргізіліп, 40 үй газбен қамтылды. Әлеуметтік 7 нысан газдандырылған. Тамды ауылдық округ бойынша 4 үй газбен қамтылмаған (Тамды ауылы 2 үй,Талдысай ауылында 1 үй, Еркінкүш ауылында 1 үй). .
Ауылдық жолдар
Тамды ауылы бойынша 2023 жылы Тамды ауылы кіре беріс жолына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 2,3 км. Мердігер «Ассана-ДорСтрой». Жоба құны 246 млн.
2025 жылы Талдысай ауылының қатынас жолына асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді Жоба құны 672,46 млн.тенге, Мердігер ТОО «Ербол-Эль». Ұзындығы 5,2 км құрайды.
Байланыс
Пошта бөлімшесі 1 (бірлік), (стационарлық – 0, жылжымалы-0). Телефон байланысымен қамтылған АЕМ саны-1 (Тамды ауылы), ұялы байланыс – 4 (Билайн, Актив,Теле 2,Алтел).
2024жылы Талдысай ауылына Билайн вышка орнатылды.
Талдысай, Еркінкүш ауылдары Билайн, Актив ұялы байланыспен қамтылған.
Электрмен жабдықтау
Тамды ауылдық округінің елді мекендері толығымен электр жүйесімен қамтылған. (КТП, ТП-8), Қазіргі таңда Тамды, Талдысай, Еркінкүш ауылдары бойынша барлық көшелер жарықтандырылған.