
Тамды дәрігерлік амбулаториясы және Талдысай медициналық бөлімшесі халыққа тәулік бойы қызмет көрсетеді. Тұрғындардың денсаулығын нығайту, адамдардың әлеуметтік жағдайын оңалту мәселелері үнемі басты назарда тұр. Құрамында 1 дәрігер, барлығы 10 адам қызмет атқарады. Мекеме жедел медициналық көлігімен қамтылған.
2026 жылғы І тоқсан бойынша скринингтен жоспар – 290, өткен адам саны – 404 . Жыл басынан округ бойынша – 8 нәресте дүниеге келді. /Тамды – 7 , Еркінкүш – 1/