
Тамды ауылдық округінің мәдениет саласы бойынша барлығы 1 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Атап айтқанда: Тамды ауылдық Мәдениет үйі.
Округтің мәдениет саласында барлығы 7 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде шығармашылық қызметкерлер саны-3.
Мәдениет үйінің ғимараты - типтік, 200 орынға есептелген, ғимарат 1954 жылы салынған. Алғашқы күрделі жөндеу 2010 жылы жүргізілді. Сонымен қатар, 2023 жылы мәдениет күрделі жөндеу жұмыстары жұмыстары жүргізілді.
2025 жылы ауылдық мәдениет үйінде 50 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Қатысушылар саны – 3200. Тамды мәдениет үйінің жанынан "Асыл әжелер", «Достар» топтары жұмыс жасайды..
Тамды ауылдық округінде тұрғындарға барлығы -1 модельдік кітапхана қызмет көрсетеді. Тамды ауылдық әкімшілік ғимаратында орналасқан. Кітапханашы - Нурбулатова Нурслу Саламатовна. Кітап қоры – 14 230 бірлік, келушілер саны - 6210. Ауылдық кітапханада 2025 жылы – 45 мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды.