GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Все материалы
23 октября 2026
«Күміс жас» жобасының арқасында 50 жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Қазақстанда 50 жастан асқан азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесетін «Күміс жас» жобасы жалғасып жатыр. 2026 жылдың алғашқы 9 айында жоба аясында 10,3 мың адам жұмысқа орналасқан. Жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі Түркістан облысында (1 678 адам), Қарағанды облысында (1 093 адам), Ақтөбе облысында (807 адам) және Жамбыл облысында (705 адам) тіркелген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 

Жобаға қатысушылар қатарында әйелдер мен ауыл тұрғындары көп. Қатысушылардың 54,7%-ы, яғни 5 658-і – әйелдер. Ал ауыл тұрғындарының үлесі 61%-ды немесе 6 324 адамды құрайды.

Ауыл шаруашылығы (41%), қызмет көрсету (23%) және білім беру (7%) салалары негізгі бағыттар қатарында. Ең сұранысқа ие мамандықтар мал бағушы, санитар, кассир, сатушы, күзетші, аспаз, тігінші, администратор, жүргізуші және бухгалтер бар.

Біліміне келсек, қатысушылардың 78%-ы орта білімді, 18%-ы орта техникалық білімді, ал 4%-ы жоғары білімді.

«Күміс жас» жобасы 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Оның негізгі мақсаты жасы үлкен азаматтарға жұмыс табуға жәрдемдесу және олардың тұрақты жұмысқа орналасуына жағдай жасау.

Жобаға мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген 50 жастан асқан азаматтар қатыса алады. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына жүгіну қажет.

Аталған жобаға қатысу мерзімі 36 айға дейін созылады. Осы уақыт ішінде мемлекет қызметкердің жалақысының бір бөлігін субсидиялайды. Бұл жұмыс берушілерге тәжірибелі мамандарды жұмысқа тартуға және олардың тұрақты жұмыс орнында қалуына мүмкіндік береді.

Мемлекеттік субсидия мөлшері:

1-12 ай аралығында – белгіленген жалақының 70%-ы, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;

13-24 ай аралығында – 65%-ы, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;

25-36 ай аралығында – 60%-ы, бірақ 30 АЕК-тен аспайды.

Басты шарттарының бірі қатысушыларды кейін де тұрақты жұмыспен қамту. Субсидия төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші олармен еңбек қатынасын жалғастыруға міндетті. Зейнет жасына жетпеген қызметкерді кемінде бір жыл тұрақты жұмыспен қамтуы керек. Ал зейнеталды жастағы, 58 жастан асқан қатысушыны зейнетке шыққанға дейін жұмыспен қамтамасыз етуге тиіс.

Жобаның тиімділігін Ұлытау облысының тұрғыны Толғанай Абдрахманованың оқиғасынан да көруге болады. 2023 жылдың наурызында ол жұмыс іздеп, Жаңаарқа ауданының мансап орталығына жүгінген. Мамандар оған «Күміс жас» жобасы аясында «Золотая» жеке кәсіпкерлігіне тігінші болып орналасуды ұсынған. Толғанай Бекмырзаевна үш жыл бойы өз міндеттерін адал атқарып, тәжірибе жинақтаған. Жұмыс барысында өзін жауапты әрі тиянақты қызметкер ретінде көрсеткен. Кәсіби шеберлігі мен жұмысына деген жауапкершілігінің арқасында ол жұмыс берушінің сеніміне ие болды. Жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін оған сол ұйымда тұрақты жұмыс істеу ұсынылды. Толғанай Абдрахманованың оқиғасы жұмысқа орналасуға берілетін уақытша қолдаудың тұрақты жұмыспен қамтылуға және кәсіби жолын жалғастыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

«Күміс жас» жобасы аға буын өкілдеріне еңбек белсенділігін сақтауға, жинаған тәжірибесін пайдалануға, жаңа дағдыларды меңгеруге және еңбек нарығында сұранысқа ие болуға көмектеседі.

Дереккөз: https://ortcom.kz/kk/novosti/1792732674

23 октября 2026
Республика күні – елдігіміздің айқын көрінісі!

Республика күні – елдігіміздің айқын көрінісі!
Маржанбұлақ ауылында 25 қазан – Республика күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында жас өнерпаздар патриоттық әндер шырқап, ұлттық билерін билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге бағытталған мерекелік шара ерекше әсерге толы болды.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! 🇰🇿

20 октября 2026
Маржанбұлақ ауылында жәрмеңке өтті

Маржанбұлақ ауылында жәрмеңке өтті

Маржанбұлақ ауылдық округінде жергілікті тұрғындардың қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді өнімдерді ұсыну, жергілікті өндірушілерді қолдау және ауыл кәсіпкерлерінің өнімдерін өткізуіне мүмкіндік жасау.

Іс-шара барысында тұрғындар өз өнімдерін ұсынып, ауыл халқына қажетті тауарларды сатып алуға мүмкіндік алды. Жәрмеңке ауыл тұрғындары үшін тиімді әрі пайдалы шара болды.

Осындай іс-шаралар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына, жергілікті кәсіпкерлікті қолдауға және тұрғындар арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.

16 октября 2026
Маржанбұлақ ауылдық округі әкімі азаматтарды жеке қабылдау жүргізді.

Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен мәселелерін тыңдап. Қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сұрақтарына жауап берді.

08 октября 2026
Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі ауыл тұрғындарын қабылдау

Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Тұрғындарға тиісті түсіндірмелер беріліп, көтерілген мәселелер заң аясында қарастырылды.

08 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы

Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы

Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар.

Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс салығы салынбайды.

Жинақтарыңыз туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен және БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосымшасынан тексере аласыз.

17 сентября 2026
Кеше Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты Маржанбұлақ ауылында жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық рейд ұйымдастырылды

Кеше Ақтөбе облысы Алға ауданына қарасты Маржанбұлақ ауылында жергілікті полиция қызметкерлерінің қатысуымен профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу.Рейд барысында көлік жүргізу куәлігі мен рұқсат қағаздары жоқ, мотоцикл мен мопед тізгіндеген жасөспірімдер анықталды. Тәртіп сақшылары заңсыз көлік басқарған кәмелетке толмағандарды тоқтатып, тиісті шаралар қолданды.Полиция қызметкерлері балаларына қауіпті көлік құралдарын алып беріп, олардың жүріс-тұрысын қадағалаусыз қалдырған ата-аналармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мұндай заң бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны және айыппұлдар салынатыны ескертілді. Барлық ұсталған тұлғалар бойынша хаттамалар толтырылып, техникалар арнайы айып тұрағына жөнелтілді.

17 сентября 2026
Маржанбұлақ ауылы әкімі М.А. Еламан тұрғындар қабылдау

Маржанбұлақ ауылдық округінің әкімі азаматтарды жеке қабылдады.

Қабылдау барысында тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстары тыңдалып, көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді. Азаматтардың мәселелері бақылауға алынып, заңнама аясында шешу жолдары қарастырылды.

10 сентября 2026
Бисалиевтер отбасы

ҮЛГІЛІ ӘУЛЕТ-ДӘРІГЕРЛЕР ДИНАСТИЯСЫ 

Нұрнияз ата мен Зәурехан әже- бес бала тәрбиелеп өсіріп,бүгінде 10 немере, 9 жиен және 9 жиеншар сүйіп отырған өнегелі шаңырақ иелері.

Бисалиевтер отбасы -бірнеше буыны медицина саласында абыройлы еңбек етіп келе жатқан білікті дәрігерлер династиясы.Әулет мүшелері түрлі медициналық мамандықтарды меңгеріп,халық денсаулығын сақтау жолында адал қызмет етіп келеді.

04 сентября 2026
Маржанбұлақ ауылдық округінің тұрғындары көпбалалы аналарға "Күміс алқа" төсбелгісі салтанатты түрде табысталды.

Маржанбұлақ ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы Унбаева Г.С. көпбалалы аналарға «Күміс алқа» төсбелгісін салтанатты түрде табыстады.
Осыған орай, Абилова Нұрбибі және Наренова Гүлхат апайларды «Күміс алқа» марапатына ие болуларымен шын жүректен құттықтаймыз!
Ана – отбасының берекесі, елдің ұйытқысы. Сіздердің ұрпақ тәрбиесіне қосып отырған үлестеріңіз бен отбасындағы еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық.
Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілейміз! Ұл-қыздарыңыздың қызығын көріп, немере-шөберелеріңіздің қуанышына бөлене беріңіздер!
«Күміс алқаларыңыз» құтты болсын! 🌷

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы