Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 250 «2025-2027 жылдарға арналған Маржанбұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алға аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Маржанбұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 250 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Маржанбұлақ ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 746 405,7 мың теңге:

салықтық түсімдер – 28 683,2 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 223,8 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 1 707 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі – 715 791,7 мың теңге;

2) шығындар – 747 626,5 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 220,8 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 220,8 теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 220,8 теңге.»;

көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Дата публикации
05 ноября 2025