ЖОБА
Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 368 «2026-2028 жылдарға арналған Қарахобда ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026-2028 жылдарға арналған Қарахобда ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 67 520 мың теңге:
салықтық түсімдер – 6 973 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 200 мың теңге;
арнаулы түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі - 60 347 мың теңге;
2) шығындар – 67 788,5 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу- 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -268,5 теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 268,5 теңге:
қарыздар түсімі - 0 теңге;
қарыздарды өтеу - 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 268,5 теңге.»;
көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Алға аудандық мәслихатының
төрағасы М.Тулеуов