GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Все материалы
Мәдениет
23 октября 2026
«Қыран елім – Қазақстаным!» атты мерекелік іс-шара өтті

Қарақұдық мәдениет үйінде 25 қазан – Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным!» атты салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты нығайту болып табылады.

Мерекелік жиында мектеп оқушылары мен өнерпаздар өз өнерлерін көрсетіп, патриоттық әндер мен өлеңдер шырқады.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбірей берсін!

Әлеуметтік көмек және жұмыспен қамту
23 октября 2026
«Күміс жас» жобасының арқасында 50 жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Қазақстанда 50 жастан асқан азаматтарды жұмысқа орналастыруға көмектесетін «Күміс жас» жобасы жалғасып жатыр. 2026 жылдың алғашқы 9 айында жоба аясында 10,3 мың адам жұмысқа орналасқан. Жұмыспен қамтылғандардың басым бөлігі Түркістан облысында (1 678 адам), Қарағанды облысында (1 093 адам), Ақтөбе облысында (807 адам) және Жамбыл облысында (705 адам) тіркелген, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. 

Жобаға қатысушылар қатарында әйелдер мен ауыл тұрғындары көп. Қатысушылардың 54,7%-ы, яғни 5 658-і – әйелдер. Ал ауыл тұрғындарының үлесі 61%-ды немесе 6 324 адамды құрайды.

Ауыл шаруашылығы (41%), қызмет көрсету (23%) және білім беру (7%) салалары негізгі бағыттар қатарында. Ең сұранысқа ие мамандықтар мал бағушы, санитар, кассир, сатушы, күзетші, аспаз, тігінші, администратор, жүргізуші және бухгалтер бар.

Біліміне келсек, қатысушылардың 78%-ы орта білімді, 18%-ы орта техникалық білімді, ал 4%-ы жоғары білімді.

«Күміс жас» жобасы 2022 жылдан бері жүзеге асырылып келеді. Оның негізгі мақсаты жасы үлкен азаматтарға жұмыс табуға жәрдемдесу және олардың тұрақты жұмысқа орналасуына жағдай жасау.

Жобаға мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген 50 жастан асқан азаматтар қатыса алады. Ол үшін тұрғылықты жері бойынша мансап орталығына жүгіну қажет.

Аталған жобаға қатысу мерзімі 36 айға дейін созылады. Осы уақыт ішінде мемлекет қызметкердің жалақысының бір бөлігін субсидиялайды. Бұл жұмыс берушілерге тәжірибелі мамандарды жұмысқа тартуға және олардың тұрақты жұмыс орнында қалуына мүмкіндік береді.

Мемлекеттік субсидия мөлшері:

1-12 ай аралығында – белгіленген жалақының 70%-ы, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;

13-24 ай аралығында – 65%-ы, бірақ 30 АЕК-тен аспайды;

25-36 ай аралығында – 60%-ы, бірақ 30 АЕК-тен аспайды.

Басты шарттарының бірі қатысушыларды кейін де тұрақты жұмыспен қамту. Субсидия төлеу мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс беруші олармен еңбек қатынасын жалғастыруға міндетті. Зейнет жасына жетпеген қызметкерді кемінде бір жыл тұрақты жұмыспен қамтуы керек. Ал зейнеталды жастағы, 58 жастан асқан қатысушыны зейнетке шыққанға дейін жұмыспен қамтамасыз етуге тиіс.

Жобаның тиімділігін Ұлытау облысының тұрғыны Толғанай Абдрахманованың оқиғасынан да көруге болады. 2023 жылдың наурызында ол жұмыс іздеп, Жаңаарқа ауданының мансап орталығына жүгінген. Мамандар оған «Күміс жас» жобасы аясында «Золотая» жеке кәсіпкерлігіне тігінші болып орналасуды ұсынған. Толғанай Бекмырзаевна үш жыл бойы өз міндеттерін адал атқарып, тәжірибе жинақтаған. Жұмыс барысында өзін жауапты әрі тиянақты қызметкер ретінде көрсеткен. Кәсіби шеберлігі мен жұмысына деген жауапкершілігінің арқасында ол жұмыс берушінің сеніміне ие болды. Жобаға қатысу мерзімі аяқталғаннан кейін оған сол ұйымда тұрақты жұмыс істеу ұсынылды. Толғанай Абдрахманованың оқиғасы жұмысқа орналасуға берілетін уақытша қолдаудың тұрақты жұмыспен қамтылуға және кәсіби жолын жалғастыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді.

«Күміс жас» жобасы аға буын өкілдеріне еңбек белсенділігін сақтауға, жинаған тәжірибесін пайдалануға, жаңа дағдыларды меңгеруге және еңбек нарығында сұранысқа ие болуға көмектеседі.

Дереккөз: https://ortcom.kz/kk/novosti/1792732674

19 октября 2026
Құтқарушылар күні құтты болсын!

Ерлік, кәсібилік және көмекке келуге дайын болу - құтқарушылардың басты қасиеттері.

Барша құтқарушыға зор денсаулық, амандық, қауіпсіз кезекшілік және әрбір шақыртудан аман-есен оралуды тілейміз!

13 октября 2026
Ақтөбе облысының креаторлары Астанадағы жәрмеңкеде 24 млн теңгеге жуық өнімді сатты

Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Creative Aimaq республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған «Aqtobe Creative Days» екі күндік жәрмеңкесі аяқталды.

Ақтөбе облысынан келген креативті индустрияның 100-ге жуық өкілі 22 бағыт бойынша өз жобаларын ұсынды. Көпшілік дизайнерлік киімдер, әшекейлер, былғарыдан, ағаштан, сүйек пен киізден жасалған бұйымдар, ұлттық нақыштағы аксессуарлар мен кәдесыйларды сатып алды.

Мәдени бағдарлама аясында «Aqtobe Design» сән көрсетілімі, «Алақай» қуыршақ театрының «Жыл мезгілдері» инклюзивті қойылымы, Ақтөбе туралы анимациялық фильмнің таныстырылымы, композитор Серік Закарияның шығармашылық кеші, «SherTer» және «Жеребе life» жобаларының концерттері өтті.

Сондай-ақ Димаш Құдайбергеннің өнер жолы мен халықаралық деңгейдегі жетістіктеріне арналған арнайы көрме ұйымдастырылды. Book Market кітап алаңында ақтөбелік қаламгерлердің шығармалары таныстырылды. Бұдан бөлек, зергерлік өнер, киіз басу, тері және ағаш өңдеу бойынша шеберлік сабақтары өткізілді.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, екі күнде жәрмеңкеге 9 500 адам барды, жалпы 23 млн 850 мың теңгеге өнім сатылды.

Creative Aimaq жобасы өңірлердегі креативті индустрияларды қолдауды, отандық брендтерді танытуды және шығармашылық кәсіпкерлікті дамытуды көздейді.

07 октября 2026
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы

Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар.

Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс салығы салынбайды.

Жинақтарыңыз туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен және БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосымшасынан тексере аласыз.

06 октября 2026
Ақтөбе облысында қысқы маусымға 2 млн тоннадан астам мал азығы дайындалды

Облыс әкімі Асхат Шахаров алдағы қысқы маусымға мал азығын әзірлеу кезеңіне қажетті жемшөп қорын толық қалыптастырып, өңірдің елді мекендерінде жем-шөп тапшылығына жол бермеуді тапсырды.

Ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке қосалқы шаруашылықтардың қысқы кезеңге дайындығы облыс әкімі төрағалық еткен аппарат мәжілісінде қаралды.

Саланың қазіргі жағдайы, жем-шөп дайындау барысы және шаруашылықтардың қысқы маусымға дайындығы туралы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асылхан Әбтиев баяндады.

Бүгінде облыста 5 673 ауыл шаруашылығы құрылымы жұмыс істейді. 2026 жылы мал шаруашылығын субсидиялауға бюджеттен 4,2 млрд теңге қарастырылған. Оның 2,3 млрд теңгесі ауыл шаруашылығы құрылымдарына төленді.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста 642,5 мың бас ірі қара, 1 269,4 мың қой мен ешкі, 423,7 мың жылқы және 26,4 мың түйе тіркелген.

2026–2027 жылдардағы қысқы кезеңге шамамен 1,06 млн шартты мал басын қыстату жоспарлануда. Оларды қажетті жем-шөппен қамтамасыз ету үшін 1,972 млн тонна шөп, 7 мың тонна пішендеме, 26,6 мың тонна сүрлем және 225,5 мың тонна құнарлы жем дайындау көзделген. Қазіргі таңда 2,026 млн тонна шөп, 7,3 мың тонна пішендеме және 18,4 мың тонна сүрлем дайындалды.

Жиын қорытындысы бойынша облыс әкімі Асхат Шахаров жемшөп дайындау жоспарларын толық орындап, алдағы қысқы маусымға жеткілікті қор қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

Қысқы кезеңде шөп пен жем бағасының негізсіз өсуіне жол бермеу үшін қажетті үйлестіру шараларын қабылдау тапсырмалары берілді.

«Негізгі міндет – қысқы кезеңде мал басын қажетті көлемдегі жем-шөппен қамтамасыз етіп, жеткілікті қор қалыптастыру. Жем-шөп тапшылығы туындау қаупі бар елді мекендерде алдын ала шаралар қабылдау қажет. Қыс мезгілінде жекелеген ауыл тұрғындарының шөп тапшылығына немесе оның бағасының негізсіз өсуіне тап болуына жол бермеу керек. Бұл жұмыста ауылдық округтерде қызмет атқаратын ірі ауыл шаруашылығы құрылымдарының әлеуметтік жауапкершілігі де маңызды. Өндірістік көрсеткіштермен қатар, жергілікті тұрғындарды қолдауға, әсіресе жекелеген отбасылар жемшөп дайындау немесе сатып алуда қиындықтарға тап болған жағдайда, баса назар аудару қажет. Барлық ықтимал проблемалық мәселелерді анықтап, қыс басталғанға дейін шешу керек», – деді Асхат Шахаров.

02 октября 2026
Ақтөбе облысында жаңбыр, қар және қатты жел күтіледі

«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы күндері Ақтөбе облысында ауа райы күрт суытады.

3–4 қазанда жаңбыр мен қар жауады. 3 қазан күндіз және 4 қазан тәулік бойы облыстың батысы мен солтүстігінде қатты жауын-шашын күтіледі.

3–5 қазанда желдің екпіні 15–20 м/с болады. 3–4 қазанда облыстың оңтүстігі мен шығысында, 5 қазанда солтүстігі мен шығысында екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді.

4 қазанға қарай күндіз ауа температурасы +2…+7 градусқа дейін төмендейді. Сол түні облыстың батысы мен солтүстігінде 5 градусқа дейін аяз күтіледі.

📍Ақтөбе қаласында:

3–4 қазанда жаңбыр мен қар, 3–5 қазанда 15–20 м/с жел күтіледі. 2 қазанда күндіз +13…+15 градус болса, 3 қазанда күндіз +6…+8, түнде +2…+4 градусқа дейін суытады.

❗️Тұрғындарды ауа райын ескеріп, жолда абай болуға шақырамыз.

Мәдениет
02 октября 2026
Тікқайын мәдениет үйінде Қарттар күні аталып өтті

1 қазан күні Қарттар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Бұл шараға мектеп оқушылары да белсене қатысты. Іс-шара барысында аға буын өкілдеріне өмірлік тәжірибесі, даналығы, еңбегі және қоғамның дамуына қосқан зор үлесі үшін жылы лебіздер мен алғыс сөздер айтылды. Қонақтарға оқушылардың қатысуымен дайындалған концерттік нөмірлер, әндер және ізгі тілектерден құралған мерекелік бағдарлама ұсынылды.

Іс-шараның мақсаты — аға ұрпаққа құрмет пен көңіл бөлу, жылулық пен қуанышқа толы көңіл-күй қалыптастыру, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайту, сондай-ақ отбасылық және қоғамдық дәстүрлерді сақтау.

02 октября 2026
Асланбек Шүйіншәлиев Қарттар күніне орай еңбек ардагерлерін құттықтады

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев ауданның өңірлік экономикалық, әлеуметтік және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар еңбек ардагерлерін арнайы барып құттықтады.

Аға буын – ел тарихының куәсі, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беретін өмір мектебі. Олардың өнегелі өмір жолы мен адал еңбегі – бүгінгі буын үшін әрдайым биік өнеге.

Аудан басшысы құттықтаған ардагерлердің бірі – 1930 жылы дүниеге келген Екатерина Еремеевна Грац. Ол еңбек жолын М.Горький атындағы кеңшарда сауыншы болып бастап, ауыл шаруашылығын дамытуға белсене қатысқан. Сонымен қатар, жастармен бірге Алматы бағытындағы теміржол құрылысына да өз үлесін қосты. 1950 жылы шаңырақ көтеріп, 7 бала тәрбиелеп өсірді. Бүгінде немере, шөбере, шөпшек сүйіп отырған ардақты ананың еңбекпен өрілген ғибратты ғұмыры – кейінгі ұрпаққа үлгі.

Еңбек жолының 32 жылын шопандық қызметке арнаған Шоңғар Уксикбаев 1940 жылы туған. Ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы маңдай терін төгіп, өңірдің еңбек тынысын кеңейтуге зор үлес қосты. Шоңғар ақсақал – 12 бала тәрбиелеп өсірген өнегелі әулеттің отағасы. Бүгінде оның перзенттері де түрлі салада абыройлы қызмет етіп, отбасылық дәстүрді жалғастырып келеді.

Сондай-ақ, мерекеде құрмет төрінен көрінген ардагердің бірі – Жайшылық Суинов. Ол еңбек жолын есепшілік қызметке арнап, Алға ауданына қарасты Қарақобда, Ильинка (қазіргі Ақай) ауылдарында және Алға қаласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етті. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагер бүгінде ұрпақ өрбітіп, үлкен бір әулеттің сүйеніші болып отыр.

Кездесу барысында аудан әкімі қариялардың ел дамуына қосқан өлшеусіз еңбегі үшін алғыс білдіріп, оларға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына бақ-береке тіледі.

01 октября 2026
Азық-түлік тиелген жүк көліктері Ақтөбеден елордаға жол тартты

Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Астана қаласында өтетін «Дала дәмі» жәрмеңкесіне 200 тоннадан астам өнім жөнелтті. Азық-түлік өнімдері елорда тұрғындарына нарықтағы бағадан 15-20 пайызға төмен бағамен ұсынылады.

Ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген автокеруен 30 қыркүйекте Ақтөбеден Астанаға жолға шықты. 3-4 қазан күндері жәрмеңке Қарқаралы-1 тас жолы бойындағы «Ипподром» алаңында өтеді.

Жәрмеңкеге облыстың 12 ауданынан және Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі мен қайта өңдеу кәсіпорны қатысады.

«200 тоннадан астам өнім дайындап, елордаға жөнелтіп жатырмыз. Оның ішінде 70 тоннадан астамы ет өнімдері, сондай-ақ сүт, балық өнімдері және “Ауыл аманаты” бағдарламасы аясында өндірілген тауарлар бар. Бұл жәрмеңке арқылы Ақтөбе облысының сапалы өнімдерін елорда тұрғындарына ұсынамыз», – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Алтынбек Алжанов.

Астанаға ет, сүт және көкөніс өнімдері, балық, жұмыртқа, шұжық, ұн және макарон өнімдері, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар, тары-талқан, консервілер және басқа да тауарлар жеткізіледі. Сондай-ақ келушілерге қымыз, шұбат, ешкі сүті және «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында өндірілген өнімдер ұсынылады.

Жәрмеңкеге «Айс+», «Агрофирма Тау», «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты», «Рамазан», «СПК «Айбек», «Степное», «Рокос», «Изет Грин Хаус», «Гринхаус Казахстан», «Глобал Мастер Групп» және басқа да өңір кәсіпорындары қатысады.

Жәрмеңке елорда тұрғындары мен қонақтарына Ақтөбеде өндірілген ауыл шаруашылығы және қайта өңдеу өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы