Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №248 «2025-2027 жылдарға арналған Қарақұдық ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Алға аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Қарақұдық ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №248 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Қарақұдық ауылдық округінің бюджеті 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 323 770,5 мың теңге:
салықтық түсімдер – 10 036 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 66 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 373 мың теңге;
арнаулы түсімдер – 0 теңге;
трансферттер түсімі - 313 295,5мың теңге
2) шығындар – 324 171,9 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:
бюджеттік кредиттер – 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу – 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті)– - 401,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 401,4 мың теңге:
қарыздар түсімі – 0 теңге;
қарыздарды өтеу – 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 401,4 мың теңге.»;
көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық
мәслихатының төрағасы М.Тулеуов