
Қарақұдық Мәдениет үйі 1958 жылы салынып, пайдалануға берілген және ол 150 орынға есептелген. 1970 жылы ғимаратқа қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп, екінші қабатының құрылысы аяқталды. 2024 жылы "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша Мәдениет үйінің ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Осы ғимараттың ішінде кітап қоры 17 750 дананы құрайтын ауылдық кітапхана орналасқан.
Сондай-ақ 2023 жылы Тікқайын ауылындағы мәдениет үйінің ғимараты да күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Мәдениет үйінде ауыл тұрғындары үшін кітапхана жұмыс істейді, балалар мен жастардың шығармашылығын дамытуға арналған түрлі үйірмелер ұйымдастырылған.