
Қарақұдық ауылында 1965 жылдан бастап 1 орта мектеп жұмыс жасайды, 2016 жылы 2 қабатты жаңа ғимарат салынды. Мектептің сыйымдылығы - 100 бала, оқушылар контингенті - 221 адам (2 ауысымда оқиды).
Тікқайын ауылында 1 негізгі мектеп, сыйымдылығы – 250 бала, оқушылар контингенті - 42.
Көктоғай ауылында 1 негізгі мектеп (2 қабатты ғимарат), сыйымдылығы – 192 бала, оқушылар контингенті 45 баланы құрайды.
2023 жылы Тікқайын және Көктоғай ауылдарында мектеп ғимаратын газбен жылытуға арналған автономды қазандық салу жұмыстары жүргізілді.
2018 жылдан бастап Қарақұдық ауылында 60 орындық мектепке дейінгі мекеме "Еркебұлан" ЖШС, тәрбиеленушілер контингенті – 60 бала, Тікқайын және Көктоғай ауылдарында мектеп жанында 2 шағын орталық жұмыс істейді.