
Сумен жабдықтау
Орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін пайдаланатын ауылдық елді мекендер (АЕМ) саны - 3 (Қарақұдық ауылы, Көктоғай ауылы, Тікқайын ауылы).
2025 жылы Көктоғай мен Тікқайың ауылдарын сумен қамту жобасы жүзеге асырылды, бұл нысандардың құрылысы 2022 жылы тоқтап қалған болатын. Нәтижесінде әр ауылға 10 шақырымнан астам су құбыры тартылды. Осы маңызды инфрақұрылымдық жобаның аяқталуының арқасында елді мекендердің тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізді. Сондай-ақ 2025 жылы Көктоғай ауылының кіреберісіндегі су өткізгіш құбыр қайта қалпына келтіріліп, көктемгі және күзгі су тасқыны кезеңдерінде жол қозғалысының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.
Газдандыру және электрмен жабдықтау
Округ 3 АЕМ (Қарақұдық, Тікқайын, Көктоғай ауылдары) бөлінісінде табиғи газбен және орталықтандырылған электр желісімен (КТП, ТП саны - 8 бірлік) қамтамасыз етілген. 2024 жылы Қарақұдық ауылының 1-ші тұрғын алабында газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілді.
Ауылдық жолдар
2022 жылы Қарақұдық ауылына кіреберіс жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мердігер "Ербол-ЭЛЬ" ЖШС.
2023 жылы Қарақұдық ауылының ауылішілік автомобиль жолдарына Федорченко, Кең дала, орталық көше және мектепке кірберіс көшелеріне орташа жөндеу жүргізілді.
2025 жылы Қарақұдық ауылында жалпы ұзындығы 3,412 км жолға асфальт төсеу жұмыстары жүргізілді. Жұмыстарды “Ремгорстрой” ЖШС мердігер мекемесі жүзеге асырды.
Байланыс және әлеуметтік инфрақұрылым
Округте 1 пошта бөлімшесі жұмыс істейді, барлық 3 ауылдық елді мекен (АЕМ) телефон байланысымен қамтамасыз етілген. Сондай-ақ округ аумағында Кар-Тел және Kcell операторларының ұялы байланысы жұмыс істейді.
Тұрғындар мен балалардың бос уақытын тиімді әрі қауіпсіз өткізуі үшін 2025 жылы Қарақұдық ауылында заманауи ойын жабдықтарымен және арнайы қауіпсіз жабынмен қамтылған жаңа балалар ойын алаңы орнатылды.