Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 246 «2025-2027 жылдарға арналған Қарабұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алға аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Қарабұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 246 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 85 бабының 3 тармағына, 91 бабының 3 тармағына, 94 және 96 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»; 

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2025-2027 жылдарға арналған Қарабұлақ ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 46 166,2 мың теңге:

салықтық түсімдер – 4 046 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 54 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 492 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі  -  41 574,2 мың теңге;

2) шығындар -  47 374,2 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:

бюджеттік кредиттер - 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0  теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -1 208 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 208 теңге:

қарыздар түсімі - 0 теңге;

қарыздарды өтеу - 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 1 208 теңге.»;

          көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 246 «2025-2027 жылдарға арналған Қарабұлақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Дата публикации
16 июня 2025