2026-2028 жылдарға арналған Қарағаш ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы

ЖОБА

 

2026-2028 жылдарға арналған Қарағаш ауылдық

округінің  бюджетін бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Қарағаш ауылдық округ бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мына көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 67 573 мың теңге:

салықтық түсімдер – 11 901 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

арнаулы түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі  -  55 672 мың теңге;

2) шығындар – 67 573 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу- 0 теңге:

бюджеттік кредиттер - 0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0  теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу  - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 0 теңге:

қарыздар түсімі - 0 теңге;

қарыздарды өтеу - 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 0 теңге.

  1. Ауылдық округі бюджетінің кірісіне есептелетін болып ескерілсін:

төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы;

жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

жер салығы;

заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық;

жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық;

бірыңғай жер салығы;

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем;

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем;

жергілікті бюджетке түсетін басқа  да салықтық емес түсімдер.

  1. Қазақстан Республикасының «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7  бабына сәйкес белгіленгені назарға және басшылыққа алынсын:

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшері – 85 000 теңге;

2) айлық есептік көрсеткіш -  4325  теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 50 851 теңге.

  1. 2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі –49 393 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. 2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттер түскені ескерілсін:

  1) Нұрбұлақ ауылына балалар ойын алаңын орнатуға– 6 279 мың теңге.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Алға аудандық                                                          М.Тулеуов

                мәслихатының төрағасы

 

Шешім
Дата публикации
19 декабря 2025