Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №247 «2025-2027 жылдарға арналған Қарағаш ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №247 «2025-2027 жылдарға арналған Қарағаш ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алға аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Қарағаш ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №247 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 85 бабының 3 тармағына, 91 бабының 3 тармағына, 94 және 96 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1)  тармақшасына және Қазақстан Республикасының «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2025-2027 жылдарға арналған Қарағаш ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 50 081  мың теңге:

салықтық түсімдер – 9 603 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

арнаулы түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі  -  40 478 мың теңге;

2) шығындар – 57 613 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0  теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу  – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу  – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)– - 7 532 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 7 532 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 7 532 мың теңге.»;

көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Алға аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     М.Тулеуов

Шешім
Дата публикации
24 сентября 2025