Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров қазақтың көрнекті ақыны, сазгері әрі драматургі Бәкір Тәжібаевтың 100 жылдық мерейтойы аясында өңірге келген ақынның ұрпақтары мен туған-туыстарын қабылдады.
Басқосуда облыс әкімі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәкір Тәжібаевтың ұлттық мәдениет пен руханиятты дамытудағы еңбегіне жоғары баға бергенін айтты. Ақынның шығармашылық мұрасы халықтың рухани қазынасы екенін, оның өлеңдері, әндері мен драмалық шығармалары кейінгі ұрпаққа үлгі болып, ұлттық өнердің дамуына қызмет ете беретінін жеткізді.
Өз кезегінде қонақтар ғасыр той иесінің мұрасын құрметтеу және оның шығармашылығын насихаттауға көрсетіліп отырған қолдаудың маңызын сөз етіп, алғыстарын білдірді.
Шара соңында аймақ басшысы Бәкір Тәжібаевтың есімін ұлықтауға үлес қосып жүрген ақын, композитор, әнші Орал-Қосай Бәйсеңгірді «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады.
Айтып өтейік, мерейтой аясында облыста бірқатар мәдени іс-шара ұйымдастыру жоспарланған. Соның бірі – Бәкір Тәжібаевтың ескерткіш-мүсінінің орнатылуы. Сонымен қатар, ақынның шығармашылық мұрасына арналған «Ақбұлақ аға» кітабының тұсаукесері өтіп, спектакль-элегия және «Сөз бен саздың саңлағы» атты концерттік бағдарлама қала қонақтары мен тұрғындарының назарына ұсынылады.
Алға аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыруға арналған комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді.
2026 жылғы 13 қазанда Алға аудандық мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мәселелері бойынша Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының алғашқы отырысы өткізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 12 қазандағы Жарлығына сәйкес, барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 13 қазандағы №60/98 қаулысына сай Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалды.
Округтік сайлау комиссиялары аудандық деңгейдегі мәслихат сайлауын өткізу бойынша алғашқы отырыстарын өткізді.
Отырыста Алға аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді.
Алға аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
2026 жылдың тоғыз айындағы Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған міндеттер облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында қаралды.
Отырыста экономиканың негізгі салаларындағы оң динамиканы сақтау, инвестициялық белсенділікті арттыру және жылдық жоспарлардың орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне басымдық берілді.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Адайбек Есенаманов баяндама жасап, өңір дамуының негізгі көрсеткіштерін таныстырды.
2026 жылғы қаңтар–қыркүйек қорытындысы бойынша облыстың қысқамерзімді экономикалық индикаторы 101,8%-ды құрады. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, негізгі капиталға салынған инвестициялар, сауда және тұрғын үй құрылысы сияқты жеті негізгі көрсеткіштің алтауы бойынша оң динамика қалыптасты.
Өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2,3 трлн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 101,1%-ды құрады. Ауыл шаруашылығында 337,1 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, көрсеткіш 102,8%-ға жетті.
Құрылыс саласында 12,3%-дық өсім тіркелді. Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 353,3 млрд теңге. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 880,3 млрд теңгеге жетіп, былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,7%-ға өсті.
Өңірдегі тауар айналымы 2 трлн теңгені құрап, өсім 1,3% болды. Тоғыз айда облыста 633 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға жоғары.
Жиын барысында Ақтөбе қаласы мен облыс аудандарының даму қарқыны да қаралды. Қатысушылар инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын, өндірістік қуаттарды дамыту, құрылыс пен инфрақұрылым мәселелерін, сондай-ақ жергілікті жерлердегі экономикалық белсенділікті одан әрі арттыру мүмкіндіктерін талқылады.
Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға баса назар аударылды. Қала және аудан әкімдеріне бейінді басқармалармен бірлесіп, кәсіпорындар және инвесторлармен жұмысты жандандыру, перспективалы жобаларды сүйемелдеу және оларды іске асыруда туындайтын мәселелерді уақытылы шешу тапсырылды.
Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік пен құрылыс саласын дамыту, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу маңызды бағыттардың бірі болып қала бермек. Бұл бағыттардағы жүйелі жұмыс облыстың экономикалық әлеуетін нығайтып, жыл қорытындысы бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Отырысты қорытындылаған облыс әкімі Асхат Шахаров мемлекеттік органдар жұмысының үйлесімділігін қамтамасыз етіп, нысаналы көрсеткіштердің орындалуын бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті.
«Тоғыз айдың қорытындысы бойынша облыс экономикасының негізгі бағыттарында оң динамика сақталып отыр. Біздің міндетіміз – қол жеткізілген нәтижелерді бекітіп, жылдық жоспарлардың толық орындалуын қамтамасыз ету. Ол үшін бейінді басқармалар мен қала, аудан әкімдіктерінің өзара іс-қимылын күшейтіп, кәсіпорындар және инвесторлармен жұмысты жандандыру қажет. Жобаларды іске асыру барысында туындайтын мәселелерді уақытында шешу маңызды. Инвестиция тарту, өндірісті дамыту, кәсіпкерлікті қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашуға назар аудару керек. Әрбір басшы өз бағыты бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, нақты нәтижелерге бағдарлануы және жүктелген міндеттердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауы тиіс. Жыл соңына дейін облыс экономикасын одан әрі дамыту үшін қолда бар мүмкіндіктерді барынша пайдалану қажет», – деді өңір басшысы.
Кеңес қорытындысы бойынша жауапты басшыларға әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары бойынша жұмысты жалғастыру, бизнеспен өзара іс-қимылды күшейту және 2026 жылдың соңына дейін белгіленген нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз ету міндеттелді.
Азаматтарды жеке қабылдау барысында Алға ауданының әкімі А.С. Шүйіншәлиев аудан тұрғындарының өтініштерін қарады.
Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй мәселелері, әлеуметтік қолдау және басқа да өзекті мәселелер бойынша өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізді. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, заң талаптары аясында жан-жақты қаралды.
Кездесу барысында көтерілген бірқатар мәселелер бойынша тұрғындарға тиісті түсініктемелер берілді. Қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер бойынша жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
А.С. Шүйіншәлиев халықтың өмір сүру сапасын арттыру және тұрғындардың өзекті мәселелерін уақтылы шешу жұмыстың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар ол тұрғындармен ашық диалог орнатудың және тұрақты кері байланысты қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. Азаматтардың өтініштерімен жұмыс жүргізу тұрақты негізде жалғасын табады.
Еске салайық, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылуды аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы, құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау бөлімі жүзеге асырады.
Байланыс телефоны: 8 (71337) 4-11-11.
Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Атамекен» студенттер отрядтарының жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Алға ауданында мемлекеттік саясатты түсіндіру, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын насихаттау, мемлекеттік бағдарламалардың негізгі бағыттарын түсіндіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру кездесулері өтті.
Кездесулер «Алға-Жылу» КМК қызметкерлерінің, Алға индустриялық-техникалық колледжінің ұжымы мен білім алушыларының, аудан тұрғындарының, Коворкинг орталығындағы аудан жастарының, сондай-ақ Тамды және Бестамақ ауылдық округтері тұрғындарының қатысуымен ұйымдастырылды.
Кездесу барысында еліміздегі мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының маңызы, мемлекеттік бағдарламалар, азаматтардың құқықтары мен міндеттері жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, құқықтық сауаттылықты арттыру және қоғамда адалдық пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Ақпараттық топ құрамында:
Шаңғытбаев Нұржан Құрманғалиұлы – топ жетекшісі, «Атамекен» студенттер отрядтарының жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
Ақниязов Нұрхан Сабыржанұлы – еңбек ардагері;
Жасакбаева Жайнагуль Сагатовна – «Келіссөздер академиясы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы;
Мажит Алишер Мажитулы – «Ақтөбе облысының Азаматтық орталығы» қауымдастық түріндегі заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы.
Кездесулер ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ақпараттық топ мүшелерімен пікір алмасты.
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының басты мақсаты – қоғам мүшелерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік саясаттың басым бағыттарын кеңінен түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Ел болашағы – саналы ұрпақ пен жауапты азаматтардың қолында!
Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз.
Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар.
Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады.
Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс салығы салынбайды.
Жинақтарыңыз туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен және БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосымшасынан тексере аласыз.
Ақтөбе облысы бойынша экология департаменті Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық кодексінің 68-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 2 маусымдағы № 130 бұйрығымен бекітілген «Қоршаған ортаға әсерді бағалау және (немесе) жоспарланып отырған қызметтің әсер ету скринингінің қамту саласын айқындау туралы қорытынды беру» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 6-тармағына (2022 жылғы 22 маусымдағы № 231 өзгерістермен) сәйкес «ТЕМІРЖОЛ ЖӨНДЕУ» ЖШС-нің жоспарланып отырған қызмет туралы өтініші жөнінде хабарлайды.
Өтініш № KZ34RYS01920359 нөмірімен 2026 жылғы 17 қыркүйекте тіркелген.
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga/documents/details/1072502
Ақтөбеде өтіп жатқан Ауыл жасөспірімдерінің V жазғы ойындары аясында грек-рим күресінен жарыстар өтті.
Бозкілемде 10 салмақ дәрежесі бойынша 111 жас балуан сынға түсіп, жүлделі орындар үшін тартысты белдесулер өткізді.
🏆 Командалық есеп қорытындысы бойынша Қызылорда облысының құрамасы I орынға ие болды. Ақтөбе облысының командасы II орын алса, Қостанай облысының балуандары III орынға тұрақтады.
Жекелей сында жеңімпаздар мен жүлдегерлер:
🔹 45 келі:
🥇 Алдияр Жилкайдаров (БҚО)
🥈 Ерболат Махатов (Түркістан обл.)
🥉 Ерсін Манасұлы (Алматы обл.), Нұрислам Кушмуратов (Қостанай обл.)
🔹 48 келі:
🥇 Алишер Мұхамбетшәріп (Ақтөбе обл.)
🥈 Арнур Амангелді (Ақмола обл.)
🥉 Қуаныш Айтбай (Қызылорда обл.), Байнұр Асан (Жамбыл обл.)
🔹 51 келі:
🥇 Денис Шамуратов (Жамбыл обл.)
🥈 Тагир Халилов (Ақмола обл.)
🥉 Мейіржан Бауржан (Алматы обл.), Ермұхамед Іскендір (Қызылорда обл.)
🔹 55 келі:
🥇 Сағыныш Анық (Қызылорда обл.)
🥈 Темирлан Молдашев (Қостанай обл.)
🥉 Ерсұлтан Садыр (Павлодар обл.), Әлихан Оспанбек (Жетісу обл.)
🔹 60 келі:
🥇 Нұрталап Жұмабай (Ақтөбе обл.)
🥈 Алинұр Арыстан (Қостанай обл.)
🥉 Дәулет Оңғарбай (Қызылорда обл.), Ислам Марат (БҚО)
🔹 65 келі:
🥇 Ерасыл Қуаныш (Ақмола обл.)
🥈 Серінұр Тарпан (Жамбыл обл.)
🥉 Айбар Жұмабай (Ақтөбе обл.), Азамат Айтуғанұлы (Қызылорда обл.)
🔹 71 келі:
🥇 Аян Алимов (Қостанай обл.)
🥈 Мейірман Бахыт (Алматы обл.)
🥉 Аят Арман (Ақтөбе обл.), Ахмет Бокеев (Павлодар обл.)
🔹 80 келі:
🥇 Матвей Макушев (Қостанай обл.)
🥈 Мирас Жакия (Алматы обл.)
🥉 Еламан Рымкулов (Абай обл.), Бекзат Касимжанов (Түркістан обл.)
🔹 92 келі:
🥇 Алижан Сейіт (Қызылорда обл.)
🥈 Рамазан Галиулин (БҚО)
🥉 Еламан Смайлханов (Абай обл.), Нұрбақыт Әбдікәрім (Жамбыл обл.)
🔹 110 келі:
🥇 Бекнұр Орынбасаров (Ақтөбе обл.)
🥈 Эсмер Шимшилов (Қарағанды обл.)
🥉 Ернұр Ескелді (Жетісу обл.)
Аудан әкімдігінде өткен жиынға «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы Роман Рахиев, бөлім және мекеме басшылары, Аналар кеңесінің өкілдері мен тіл жанашырлары қатысты.
Жиында аудан әкімінің міндетін атқарушы Болатбек Кангужин күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып, осыған дейін «Қазақ тілі» қоғамының Алға аудандық филиалына жетекшілік еткен Рахметолла Жұбаналинге атқарған нәтижелі еңбегі үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ жиынға қатысушыларға филиалдың жаңа төрағасы кандидатурасын дауысқа салуды ұсынды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша қатысушылардың бірауыздан дауыс беруі нәтижесінде «Қазақ тілі» қоғамының Алға аудандық филиалының төрағасы болып Назерке Қуанарқызы Бөлекеева сайланды.
Назерке Қуанарқызының білім беру саласында 16 жылдық еңбек өтілі бар. Ол №1 Алға орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші.
Жиын барысында облыстық филиал төрағасы Роман Рахиев мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту және ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы алдағы міндеттерге тоқталды.
Отырыс соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныс-тілектерін білдірді.
Бүгін Отбасы күніне арналған апталықтың үшінші күні «Саналы ата-ана болу» тақырыбында өтіп жатыр. Атаулы күн бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қарау, оның эмоциялық жай-күйіне көңіл бөлу және ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту мәселелеріне арналған.
Еліміздің барлық өңірінде ата-аналардың психологтармен, педагогтермен және әлеуметтік қызметкерлермен кездесулері, практикалық сабақтар мен оқыту курстары жоспарланған. Кездесулерде баланың жас ерекшеліктерін ескеру, онымен дұрыс қарым-қатынас орнату, жанжалдың алдын алу, сондай-ақ дұрыс тәрбие беру жолдары сөз болады.
Бұл күні бала тәрбиесіндегі әкенің рөліне де ерекше көңіл бөлінеді. «Әке мен бала: қатысу, қамқорлық және бірге болу» ақпараттық науқаны әкенің бала тәрбиесіндегі рөлінің маңызын ұғындыруды көздейді. Оның аясында балаға күнделікті көңіл бөлу, бірге уақыт өткізу, эмоциялық тұрғыдан қолдау және маңызды шешімдерді бірлесе қабылдау мәселелері талқыланады.