2026-2028 жылдарға арналған Бестамақ ауылдық округ бюджетін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91 бабы 3 тармағы, 93 бабы 2 тармағы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35,37 баптарына сәйкес және Алға аудандық маслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №364 «2026-2028 жылдарға арналған Бестамақ ауылдық округі бюджетін бекіту туралы» шешімін іске асыру мақсатында Бестамақ ауылдық округінің әкімі   ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған Бестамақ ауылдық округ бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мына көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 164 162 мың теңге:

салықтық түсімдер – 37 578 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1 868 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер- 6 357 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі  -  118 359 мың теңге;

2) шығындар – 164 162 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу- 0 теңге:

бюджеттік кредиттер -  0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу  - 0  теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу  - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер- 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)- 0 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)- 0  теңге:

қарыздар түсімі- 0 теңге;

қарыздарды өтеу- 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары- 0 теңге.

  1. Ауылдық округі бюджетінің кірісіне есептелетін болып ескерілсін:

төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы;

жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық;

жер салығы;

заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық;

жеке тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық;

бірыңғай жер салығы;

жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем;

аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ коммуналдық меншігінің мүлкін жалға беруден түсетін кірістер;

жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер;

жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем;

жергілікті бюджетке түсетін басқа да салықтық емес түсімдер.

  1. Қазақстан Республикасының «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңының 7 бабына сәйкес белгіленгені еске және басшылыққа алынсын:

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшері – 85 000 теңге;

2) айлық есептік көрсеткіш – 4 325 теңге;

3) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерлерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы – 50 851 теңге.

  1. 2026 жылға арналған ауылдық округ бюджетіне аудандық бюджеттен берілетін субвенция көлемі – 54 061 мың теңге сомасында ескерілсін.
  2. 2026 жылға арналған аудандық бюджетте қала және ауылдық округтер бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттер көзделсін:

1) елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру – 11 060 мың теңге;

2) аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге – 53 238 мың теңге теңге  

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Дата публикации
05 февраля 2026