О внесении изменений в решение Алгинского районного маслихата от 23 декабря 2025 года №364 «Об утверждении бюджета Бестамакского сельского округа на 2026-2028 годы»

Бестамақ ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 29 желтоқсан №90 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы 171-VІІ «Бюджет Кодексінің» 91 бабының 3 тармағына, 94 және 96 баптарына,  Қазақстан Республикасының 2001  жылдың  23 қаңтардағы  №148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35, 37  баптарына сәйкес, Алға аудандық мәслихатының 2026 жылғы 24 маусым №422 шешіміне орай Бестамақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Алға аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Бестамақ ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2025 жылғы 23 желтоқсандағы №364 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2026-2028 жылдарға арналған Бестамақ ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 224 951,8 мың теңге;

салықтық түсімдер – 37 578 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1 868  мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 6 357  мың теңге;

арнаулы түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі  -  179 148,8 мың теңге;

2) шығындар – 226 844,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:

бюджеттік кредиттер – 0  теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу  – 0 теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу  – 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)– - 1 892,6 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1 892,6 мың теңге:

қарыздар түсімі – 0 теңге;

қарыздарды өтеу – 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 892,6 мың теңге.»;

көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

 

Бестамақ ауылдық округінің әкімі:                          Қ.С.Даулеталин

Решение
Дата публикации
10 июля 2026