Өткен есептік кездесуде көтерілген мәселелер бойынша:
- Қызылту ауылына келіп балық аулап жүрген адамдарды қадағалау, реттеу – учаскелік инспектормен бірлесе отырып, су жағалауында жүрген балықшыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескерту берілді.
Атқарылған жұмыстар:
- Жаңадан салынған дәрігерлік амбулаторияның жанына, көктемгі су басу қауіпінің алдын алу мақсатында 25 тонналық камазбен 10 рейс құм төгіліп, биіктету жұмыстары жүргізілді.
- Автопарк маңында бірнеше жылдан бері жиналған қоқыстар жиналып, тиісті орынға шығарылды.
- Демеушілік көмекпен дәрігерлік амбулатория мен мектеп ауласының алдына қосымша жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
- Ауылға кіреберіс Н.Кортюков көшесінде, полигон жақ бағытына қарай орналасқан тұрғын үйлер иелерінің өтініштері негізінде әр үй жанына жаңадан опоралар қойылып, 400 метр электр линиясы тартылып жарық шамдары орнатылды.
- Көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында Кортюков көшесінің автомобиль жол бойында орналасқан су ағарды толығымен ауыстыру бойынша жұмыстар атқарылды.