
Бесқоспа ауылдық округінің мәдениет саласы бойынша барлығы 1 мәдениет мекемесі халыққа қызмет көрсетеді. Атап айтқанда: Есет батыр ауылдық Мәдениет үйі. Мәдениет үйінде бір ауылдық кітапхана жұмыс істейді.
Округтің мәдениет саласында барлығы 8 қызметкер жұмыс істейді. Оның ішінде шығармашылық қызметкерлер саны-4.
Мәдениет үйінің ғимараты - типтік, 200 орынға есептелген, ғимарат 1990 жылы салынған. Алғашқы күрделі жөндеу 2013 жылы жүргізілді. Сонымен қатар, 2021 жылы мәдениет үйінің шатырына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024 жылы ауылдық мәдениет үйінде 56 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Қатысушылар саны – 1012. Барлық үйірмелер саны-3 (домбыра, хор, қобыз). Қатысушылар саны-54. "Халық" атағы бар үйірмелер саны - 1, бұл "Сағыныш" хоры, қатысушылар саны-10.
Бесқоспа ауылдық округінде тұрғындарға барлығы -1 модельдік кітапхана қызмет көрсетеді. Ол Есет батырдың ауылдық мәдениет үйінде орналасқан. Кітапханашы-Иманбаева Ләззат Әнуарбекқызы. Кітап қоры - 14835 бірлік, келушілер саны - 400. Ауылдық кітапханада 2025 жылы - 34 мәдени-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылды.