
Бесқоспа ауылдық округінің тұрғындарына медициналық көмекке 1 дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетеді. Дәрігерлік амбулатория 2021 жылы "Ауыл - ел бесігі" бағдарламасы бойынша салынды. Амбулатория ауысымда 30 келушіге арналған. Демографиялық көрсеткіш бойынша 2025 жылы 30 бала дүниеге келді, өмірдің алғашқы айларында балалардың өлімі тіркелген жоқ. Егу жоспары 362, 393 (109%) орындалды. Манту егу жоспары – 264, орындалды-292. (111 %)
Флюорографиядан өту жоспары - 800, орындалды-800 (100 %).
Диспансерлік есепте-452 адам тұр. Онкологиялық аурулары бар-9 адам тіркелген.