
Бесқоспа ауылдық округінде 2026 жылғы 1 қаңтарға тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 122 бірлікті құрайды (50 – ШҚ, 67 - ЖК, 2 - ЖШС, 2 - ӘКК, 1-ӨК). Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер 120 бірлікті құрады (50 – ШҚ, 65 - ЖК, 2-ЖШС, 2 - ӘКК, 1-ӨК). Тіркелген субъектілердің үлесі, жұмыс істеп тұрған субъектілерден 98% құрады. Белсенді емес кәсіпкерлер 2 бірлікті құрады. (2-ЖК).
Есепті кезеңде 6 жаңа бизнес субъектісі тіркелген. Жалпы тіркелген ШОБ субъектілерінің басым бөлігі ауыл шаруашылығымен 72 %, саудамен 5,3 %, көлікпен және қоймамен 2,27 %, тамақтанумен 1,5 %, басқа да қызмет түрлерімен 18,93% айналысады.
Кәсіпкерлік саласында 9 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде өткен жылмен салыстырғанда 14% - ға өсім.