Алға қаласындағы атауы жоқ бір көшеге атау беру.

Құрметті жергілікті қоғамдастық кеңес мүшелері!

2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жүзеге асыру мақсатында жергілікті қоғамдастықтың жиналысына қатысу үшін жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізу қағидасы және тұрғындары өкілдерінің сандық құрамына сәйкес бүгін Алға қаласының әкімдігінде жергілікті қоғамдастық кеңес жиналысы өткізіліп жатыр. Жиналысқа жергілікті қоғамдастықтың мүшелері шақырылды.

Жиналыс төрағасы ретінде Махамбетова Гүлжахан Сағынбайқызыны  сайлау ұсынылды. Бұл ұсыныс қатысушылар тарапынан бірауыздан қолдау тапты және Махамбетова Гүлжахан Сағынбайқызы жиналыс төрағасы болып бекітілді. Қандай ұсыныстар бар?

Күн тәртібінде қаралатын мәселе:

Алға қаласындағы атауы жоқ №1 көшеге атау  беру туралы.

Бақытжанұлы Жандарбек – Алға қаласының әкімінің орынбасары:

Сәлеметсіздер ме!  Бүгінгі күн тәртібіндегі маңызды мәселе – Алға қаласындағы атауы жоқ бір көшеге атау беру. Ұсынылып отырған атау – 1942 жылы қаңтар айында Жабас Ізбасов майданға аттанып, арнаулы дайындықтан кейін ол Воронеж түбіндегі 193-ші атқыштар дивизиясының 83-ші полк құрамында ұрыстарға кірісті. Сталинград шайқасына қатысып, сондағы ерлігі үшін «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен наградталды, бұл алғашқы тырнақалды болды. 1943 жылы Жабас бөлімше командирлігіне тағайындалады. Севск іргесіндегі ерлігі үшін Жабас Ізбасов «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталады. Ал 1944 жылғы 23 тамызда Жабас Ізбасов  айбынды ұрысы үшін «Күміс жұлдыз» легионер орденімен наградталған. Бұл ұсыныс – ардагерге деген құрметімізді білдіру әрі келер ұрпаққа үлгі болмақ.  

Осыған байланысты сіздерден көшеге Жабас Ізбасовтың есімін беру туралы ұсынысты дауысқа салып, қолдауларыңызды сұраймын.

«Қолдағандар» – 12 адам

Алға қаласының  қоғамдастық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:

Алға қаласындағы атауы жоқ №1 көшеге Жабас Ізбасовтың  есімі берілсін.

Хаттама
Дата публикации
12 ноября 2025