1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев ауданның өңірлік экономикалық, әлеуметтік және ауыл шаруашылығы салаларының дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар еңбек ардагерлерін арнайы барып құттықтады.
Аға буын – ел тарихының куәсі, кейінгі ұрпаққа бағыт-бағдар беретін өмір мектебі. Олардың өнегелі өмір жолы мен адал еңбегі – бүгінгі буын үшін әрдайым биік өнеге.
Аудан басшысы құттықтаған ардагерлердің бірі – 1930 жылы дүниеге келген Екатерина Еремеевна Грац. Ол еңбек жолын М.Горький атындағы кеңшарда сауыншы болып бастап, ауыл шаруашылығын дамытуға белсене қатысқан. Сонымен қатар, жастармен бірге Алматы бағытындағы теміржол құрылысына да өз үлесін қосты. 1950 жылы шаңырақ көтеріп, 7 бала тәрбиелеп өсірді. Бүгінде немере, шөбере, шөпшек сүйіп отырған ардақты ананың еңбекпен өрілген ғибратты ғұмыры – кейінгі ұрпаққа үлгі.
Еңбек жолының 32 жылын шопандық қызметке арнаған Шоңғар Уксикбаев 1940 жылы туған. Ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы маңдай терін төгіп, өңірдің еңбек тынысын кеңейтуге зор үлес қосты. Шоңғар ақсақал – 12 бала тәрбиелеп өсірген өнегелі әулеттің отағасы. Бүгінде оның перзенттері де түрлі салада абыройлы қызмет етіп, отбасылық дәстүрді жалғастырып келеді.
Сондай-ақ, мерекеде құрмет төрінен көрінген ардагердің бірі – Жайшылық Суинов. Ол еңбек жолын есепшілік қызметке арнап, Алға ауданына қарасты Қарақобда, Ильинка (қазіргі Ақай) ауылдарында және Алға қаласында ұзақ жылдар бойы табанды еңбек етті. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан ардагер бүгінде ұрпақ өрбітіп, үлкен бір әулеттің сүйеніші болып отыр.
Кездесу барысында аудан әкімі қариялардың ел дамуына қосқан өлшеусіз еңбегі үшін алғыс білдіріп, оларға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр және отбасыларына бақ-береке тіледі.
Ерікті зейнетақы жарналары — зейнетақы капиталын толықтырудың тиімді жолы
Ерікті зейнетақы жарнасының ерекшелігі — зейнетақы жинағыңызды өз қалауыңызға қарай толықтыра аласыз. Жарна мөлшері мен оны аудару жиілігін әр адам өзі белгілейді. Ал жинақ бойынша төлемдерді белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпей-ақ алуға мүмкіндік бар.
Ерікті жарнаны азаматтың өзі де, жұмыс беруші де төлей алады. Жұмыс беруші аударған мұндай жарна қызметкердің табысы болып саналмайды және жеке табыс салығы салынбайды.
Жинақтарыңыз туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы жеке кабинеттен және БЖЗҚ/ЕНПФ мобильді қосымшасынан тексере аласыз.
«Айқын нәтиже» жобасы аясында Ақай ауылдық округі аумағында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, иесіз және қараусыз қалған нысандарға кешенді мониторинг жүргізілді. Аталған шараның негізгі мақсаты – ауыл аумағындағы санитарлық жағдайды жақсарту, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тұрғындар арасында жауапкершілікті арттыру болып табылады.
Іс-шараға Ақай ауылдық округінің әкімі Т.Мұналбай, учаскелік полиция инспекторы Кенаш С., Ақай дәрігерлік амбулаториясының бас дәрігері Толстиков Е., Ақай өрт сөндіру бекетінің аға өрт сөндірушісі Сарсенов С., сондай-ақ Ақай орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Уразова А. және мектеп социологі Жангалиева А. қатысып, бірлескен түрде ауыл аумағындағы қараусыз қалған тұрғын үйлерді аралап шықты.
Тексеру барысында иесіз қалған, ұзақ уақыттан бері күтімсіз тұрған нысандар анықталып, олардың қазіргі жағдайына баға берілді. Сонымен қатар, иесі бар болғанымен, қараусыз қалып, бұзылу қаупі бар тұрғын үйлердің иелеріне заң талаптарына сәйкес ескерту жасалып, тиісті шаралар қабылдау қажеттігі түсіндірілді.
Мұндай профилактикалық жұмыстар ауылдың көркеюіне, тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Бұл спорттық шара оқушылар мен жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық пен ынтымақтастықты нығайту мақсатында өткізілді.
Жарысқа жастардан, мектеп мұғалімдерінен және мектеп әкімшілігінен құралған 4 команда қатысып, өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.
Ойын барысында қатысушылар жоғары белсенділік танытып, шеберліктері мен командалық бірлігін дәлелдей білді. Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан командалар арнайы дипломдармен және марапаттармен марапатталды.
Мұғалімдер, әкімшілік және жастардың бір алаңда бас қосуы мерекенің басты идеясы – ел бірлігін нақты іспен көрсетті. Осындай іс-шаралар жас ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттырып, ұжым арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға өз үлесін қосады.
Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
Ал зейнет жасында ол тіпті өзекті.
Болашақ зейнетақыңыздың қандай болғанын қалайсыз? Мақсатыңызға жету үшін қанша жинақ жетіспейтінін білгіңіз келе ме?
Онда БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинеттегі «Дербес зейнетақы жоспары» қызметін қолданыңыз.
Бұл қызмет қандай мүмкіндік береді?
Болашақта алғыңыз келетін зейнетақы көлемін белгілеп, ай сайын аударылуы тиіс жарна мөлшерін біле аласыз;
Жоспардың орындалу барысын айлар мен жылдар бойынша берілген кесте арқылы бақылай аласыз;
Қажет болған жағдайда, жоспарыңызды қалауыңызша түзете аласыз.
www.enpf.kz сайты → Жеке кабинет → «Дербес зейнетақы жоспары».
Бай-қуатты болашағыңызды бүгіннен бастап жоспарлаңыз!
Екі айлық сенбілік аясында мекеме қызметкерлері белсенділік танытып, ауылымыздың тазалығына өз үлестерін қосты. Ұжым болып ұйымдасқан түрде тазалық жұмыстарына шығып, белгіленген аумақтарды қоқыстан тазарту, ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Атап айтқанда, ауылға кіреберіс 16 шақырым аумақ толықтай тазаланып, жол жиегі мен айналасы қоқыстан аршылды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 35 қап қоқыс жиналып, арнайы қоқыс полигонына шығарылды.
Сонымен қатар сенбілік барысында аумақты абаттандыру, қоршаған ортаның эстетикалық келбетін жақсарту бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылды. Мұндай шаралар ауылдың көркеюіне оң әсерін тигізіп, тұрғындардың тазалыққа деген жауапкершілігін арттырады.
Ақай және Көлтабан ауылдарында ауыл тұрғындарының қатысуымен мал жайылымын тиімді ұйымдастыру және жайылым тәртібін сақтау мәселелері бойынша жиналыс өтті. Кездесу барысында ауылдағы малды ортақ тәртіппен жаю, жайылым аумақтарын тиімді пайдалану және тұрғындар арасындағы жауапкершілікті арттыру бағыттары кеңінен талқыланды.
🐂 Сонымен қатар жиналыста бұқа мәселесі де қаралды. Атап айтқанда, бұқаларды бақылаусыз жібермеу, оларды арнайы қадағалауда ұстау және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында нақты ұсыныстар айтылып, реттеу жолдары қарастырылды.
Жиналыс қорытындысы бойынша ауыл тұрғындарын белгіленген тәртіпті сақтауға, ортақ іске жауапкершілікпен қарауға және өзара түсіністікпен әрекет етуге шақырамыз.
Ақай ауылының тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында қатысушыларға дін мен дәстүр сабақтастығы, деструктивті діни ағымдардың сипаттары, сондай-ақ әлеуметтік желілерден діни ақпарат алудың қауіптері туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар тақырыпқа сай арнайы ақпараттық бүктемелер таратылды.
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында көпбалалы Құрбанғалиевтер отбасы сенбілікке белсене қатысып, тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты. Балаларына үлгі бола білген ата-ана аула маңын ретке келтіріп, қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын іс жүзінде көрсетті.
Бірлік пен еңбекке негізделген бұл игі бастама – өскелең ұрпаққа тәрбие, қоғамға үлгі. Құрбанғалиевтер отбасының бұл әрекеті барша тұрғындарды тазалыққа бейжай қарамауға үндейді.
Туған жердің тазалығы – баршамызға ортақ жауапкершілік!
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-akai/press/media/details/81792?lang=ru
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Жеткізгеновтер отбасы сенбілікке белсенді қатысып, өз аулаларын тазалап, айналаны ретке келтірді. Үлкенге үлгі, кішіге өнеге болар бұл игі іс – тазалыққа деген жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Отбасы мүшелері бірігіп еңбек етіп, аула маңын қоқыстан тазартып, қоршаған ортаның көркеюіне өз үлестерін қосты. Осындай үлгілі істер арқылы олар өзгелерді де тазалық сақтауға шақырып отыр.
Тазалық – әрбір адамның мәдениеті мен санасының айнасы. Ендеше, бәріміз бірге туған жерімізді таза ұстап, көркейтуге атсалысайық!
https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-akai/press/media/details/81790?lang=kk