Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 362 «2026-2028 жылдарға арналған Ақай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

Алға аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 362 «2026-2028 жылдарға арналған Ақай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91 бабы 3 тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алға аудандық мәслихатының «2026-2028 жылдарға арналған Ақай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №362 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

«1. 2026-2028 жылдарға арналған Ақай  ауылдық округінің бюджеті 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 75 132 мың теңге:

салықтық түсімдер – 8 011  мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0  теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 144   теңге;

арнаулы түсімдер – 0 теңге;

трансферттер түсімі  -  66 977 мың теңге;

2) шығындар – 76 543,8 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу- 0 теңге:

бюджеттік кредиттер -  0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 0  теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу   - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1411,8 теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 1411,8 теңге:

қарыздар түсімі - 0 теңге;

қарыздарды өтеу - 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1411,8 теңге.

  1. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

 

 

Алға аудандық мәслихатының

            төрағасы                                                                        М.Тулеуов

 

 

 

 

 

Шешім жобасы
Дата публикации
10 февраля 2026