Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 243 «2025-2027 жылдарға арналған Ақай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған Ақай ауылдық округ бюджеті 1,2 және 3 қосымшаларғаға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер– 78 656,8 мың теңге:
салықтық түсімдер – 6 825,1 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 0 теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 133,7 мың теңге;
арнаулы түсімдер - 0 теңге;
трансферттер түсімі - 71 698 мың теңге;
2) шығындар – 80 079,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу- 0 теңге:
бюджеттік кредиттер - 0 теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:
қаржы активтерін сатып алу - 0 теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер- 0 теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті)- -1 422,9 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)- 1422,9 мың теңге:
қарыздар түсімі- 0 теңге;
қарыздарды өтеу- 0 теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары- 1 422,9 мың теңге.»;
көрсетілген шешімдегі 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.