Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 243 «2025-2027 жылдарға арналған Ақай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

ЖОБА

 

Алға аудандық мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 243 «2025-2027 жылдарға арналған Ақай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алға аудандық мәслихатының «2025-2027 жылдарға арналған Ақай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №243 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

Аталған шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 85 бабының 3 тармағына, 91 бабының 3 тармағына, 94 және 96 баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «2025- 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес,  Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:»;

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

 «1. 2025-2027 жылдарға арналған Ақай ауылдық округ бюджеті 1,2 және 3 қосымшаларғаға сәйкес, оның ішінде 2025 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер– 77 231 мың теңге:

салықтық түсімдер – 5 748  мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 785 мың теңге;

трансферттер түсімі  -  70 698 мың теңге;

2) шығындар – 78 653,9 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу- 0 теңге:

бюджеттік кредиттер -  0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу   - 0  теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу   - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер- 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)- 1 422,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)- 1422,9 мың теңге:

қарыздар түсімі- 0 теңге;

қарыздарды өтеу- 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары- 1 422,9 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімдегі қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алға аудандық мәслихатының

            төрағасы                                                                         М.Тулеуов

 

О внесении изменений в решение Алгинского районного маслихата от 30 декабря 2024 года №243 «Об утверждении  бюджета Акайского сельского округа на 2025-2027 годы» 
Дата публикации
16 июня 2025