Алға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 112 «2024-2026 жылдарға арналған Ақай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Алға аудандық мәслихатының 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 112 «2024-2026 жылдарға арналған Ақай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Алға аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Алға аудандық мәслихатының «2024-2026 жылдарға арналған Ақай ауылдық округ бюджетін бекіту туралы» 2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 112 шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2024-2026 жылдарға арналған Ақай ауылдық округ бюджеті 1,2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2024 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер– 57 966,2 мың теңге:

салықтық түсімдер – 4 480,7 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 0 теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 740,5 мың теңге;

трансферттер түсімі  -  52 745 мың теңге;

2) шығындар – 58 102,1 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу - 0 теңге:

бюджеттік кредиттер -  0 теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу   - 0  теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - 0 теңге:

қаржы активтерін сатып алу   - 0 теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 0 теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті)- -135,9 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 135,9 мың теңге:

қарыздар түсімі - 0 теңге;

қарыздарды өтеу - 0 теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 135,9 мың теңге.»;

көрсетілген шешімнің 1 қосымшасы осы шешімдегі қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Алға аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                                          М.Тулеуов

Дата публикации
27 ноября 2024