
Ауылдық округте 1 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп бар. Жалпы мектеп оқушылар саны - 112. Соның ішінде Ақай орта мектебінде – 103 оқушы, Көлтабан бастауыш мектебінде – 9 оқушы.Шағын орталықтарда
Ақай орта мектебінде, барлығы – 99 оқушы. Қазақ класында – 72 оқушы, орыс класында 27 оқушы. Мұғалімдер саны-30. Жоғары білімді – 26. Арнаулы орта білімді – 5
Мектеп жанындағы шағын орталық бар: Тәрбиеші-1, тәрбиешінің көмекшісі-1. Тәрбиеленіп жатқан бала саны- 20
Ақай орта мектебі типтік 2-қабаттан тұратын мекемеде орналасқан. Мектепте жалпы 15 оқу кабинеті бар. Жабдықталған арнайы оқу кабинеттері: 1 ғылым кабинеті, 1 биология, 1 информатика кабинеті бар. Сонымен қатар мектепте 1 спорт залы, 1 акт залы, 1 кітапхана бар. Алғашқы әскери дайындық пәніне арналған 1 оқу кабинеті бар. Мектеп асханасы 30 орындық. Акт залы – 80 орындық.
Ақай орта мектебінің білім беру сапасы ҰБТ көрсеткіші бойынша 2021 ж – 47 % болса, 2022 ж - 52% болды.
Ақай орта мектебі бейімделген, жобалық қуаты 100 адам. 2021 жылдың қазан айында Ақай орта мектебінің автономды газ құрылысы бітті. Жобалық құны 20 млн. тенге. Мердігер «АқтөбеНефтеГазСтрой» ЖШС. Ақай орта мектебі бүгінгі күнге дейін қатты отынмен жылытып келді. 06.06.2022 жылы Ақай орта мектебі күрделі жөндеуден өтті. Жобалық құны 71 млн. тенге.
Көлтабан бастауыш мектебі. Мектеп типтік 1 қабаттан тұратын мекемеде орналасқан. Мектепте жалпы 3 оқу кабинеті бар.
Оқушы саны: 4. Мұғалім саны: 3
Мектеп жанындағы шағын орталық бар: Тәрбиеші-1, тәрбиешінің көмекшісі-1. Тәрбиеленіп жатқан бала саны- 6.
Көлтабан бастауыш мектебі бейімделген, жобалық қуаты 70 адам. 2016 жылы 7.9 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мектепте газ жүйесі қосылған.