
Округте Ақай дәрігерлік амбулаториясында 1 бас дәрігер және 3 орта буынды медициналық қызметкерлері қызмет көрсетуде. Тұрғындардың денсаулығын нығайту, адамдардың әлеуметтік жағдайын оңалту мәселелері үнемі басты назарда тұр. Ақай ауылдық округінде жалпы жоспар бойынша флюорографиядан өту деңгейі 71% - ті құрайды. Жоспар бойынша 331 адам өтуге тиіс болатын, соның ішінде 234 адам толық тексерістен өтті. Қазіргі таңда қызылшаға қарсы екпе жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Биылғы жылы бала туу көрсеткіші 6 адамға өсті.
Тұмауға қарсы екпе егу жоспар бойынша 62 адам, соның ішінде екпе алған халық саны 48. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (медстрахование) бойынша атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесінде Ақай ауылдық округі бойынша тізімде көрсетілген 97 адамның, 36 – сы ауылда тұрмайтыны анықталды. Оның ішінде 61 адамға Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (медстрахование) төлеу керектігі ескертіліліп, айтылды.