
Ауылдық округтің жалпы аумағы 65906 га құрайды, оның ішінде Ақай а. – 52546 га, Көлтабан а. – 13360 га, және егістік жерлер – 7982 га, ауылшаруашылық бағыттағы жерлер – 43927 га.
«Абылай» шаруа қожалығы 38 гектар картоп егіп, өнімділігі 165 ц/га, жалпы өнімі 627 тонна, сонымен қатар бақша өнімі бойынша қызанақ 5 гектар, қияр 5 гектар, қарбыз 5 гектар егіліп, күзгі қорытынды бойынша қызанақ, қияр өнімділігі 178 ц/га алып, жалпы өнімі 89 тоннадан, қарбыздың өнімділігі 223 ц/га алып, жалпы өнімі 111,5 тонна өнім жинады. ЖК «Мақат» ауыл маңына 4 гектар картоп егіп, күзгі қорытынды бойынша 10 тонна картоп өнімін алып, ауыл тұрғындарын картоппен қамтамасыз еткен болатын. Дәнді дақылдарға келетін болсақ, «Абылай» шаруа қожалығы көктемде 627 га мақсары егіп, өнімділігі 5 ц/га алып, 313,5 тонна түсім түсірді. Сонымен қоса 600 га арпа егіп, өнімділігі 20 ц/га алып, 1200 тонна арпа өнімін жинады. Ауылдық округке қарасты «Наурыз» шаруа қожалығы да 70 га арпа, 30 га тары егіп, күзгі өнімі арпа 126 тонна, тары 45 тонна өнім берді.
Мемлекеттік бағдарламалар
2020 жыл: Жк Курбангалиев Вагиз “Еңбек” бағдарламасы қатысып, бал аралсымен айналысуға 4 млн.тг несие алды
2020 жыл: Ауылшаруашылық техникаларын жаңарту мақсатында “Ауылым” ШҚ “КазАгроФинанс” АҚ лизинг арқылы жаңа МТЗ-82 тракторы мен шөп тиеуге арналған КУН сатып алды
2020 жыл: “Теміралы” ШҚ “Еңбек” бағдарламасына қатысып 4 млн.тг несие алыпа,100 бас қой сатып алды.
2021 жылы «Бастау бизнес бағдарламасы арқылы кәсібін жаңадан ашып, мал басын көбейту мақсатында жеке кәсіпкерлер Айбеков Дамир Серикулы - 4 млн көлемінде несие алып мал санын көбейтіп, кәсібін жүргізуде.
2022 жылы «Жас-Ұлан» шаруа қожалығы КАФ арқылы лизингпен Беларус 920 тракторының 2 данасын, яғни әрқайсысын 10 млн.380 мыңнан сатып алды.
2022 жылы «Жас-Ұлан» шаруа қожалығы несие арқылы 2 млн. 200 мың теңгеге КУН, өз қаражатына қосымша түрде шөп шапқыш (ротор) ЛЕПЕЦКА маркалы техникасын 800 мың теңгеге сатып алды.
2022 жылы «Рүстем-А» шаруа қожалығы 14 млн теңгеге суармалы егістікке арналған барабанды суару құрылғысын өз қаражатына сатып алды.
2022 жылы «Исламбек» шаруа қожалығы өз қаражатына ауылшаруашылығына арналған ИР – 1,8 маркалы «жем үлестіргіш» техникасын 11 млн. теңгеге сатып әкелді.
2022 жылы «Абылай» шаруа қожалығы өз қаражатына 6 млн.теңгеге «картоп еккіш» «ГРИММЕ» маркалы техникасын, «картоп жинайтын комбайн» «ГРИММЕ» маркалы техникасын 10 млн. теңгеге, «Доминатор», «ГРИММЕ» маркалы техникасын 5 млн. теңгеге сатып алды.