✍️ Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері –Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды
🔹Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.
🔹 Олардың қатарында еңбек ардагерлері, жұмысшы мамандықтардың, өндіріс, бизнес, білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, мәдениет және өнер қайраткерлері бар.
🔹І дәрежелі «Барыс» ордені «TNS-group» концерні» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті Т.Жұмағұловқа және актер Н.Ықтымбаевқа; ІІ дәрежелі «Барыс» ордені білім саласының ардагері Е.Мәмбетқазиевқа, «Қазақстан Республикасы альпинизм және тауға өрмелеу федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті Қ.Уәлиевке; ІІІ дәрежелі «Барыс» ордені «Ново-Приречное» ЖШС директоры В.Тюркинге, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы С.Шаңғұтовқа және басқаларға берілді.
🔹«Құрмет» орденімен «Өзенмұнайгаз» АҚ кран машинисі Б.Досқарин, Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Көпбейінді облыстық балалар ауруханасы» КМК бөлімше меңгерушісі Е.Кальмбах, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Астық-STEM» ЖШС бас агрономы Т.Хамидуллин, «Здоровая Азия» онкологиялық ауруларды қолдау жөніндегі қоғамдық қорының негізін қалаушы Н.Плохих, Қызылорда облысындағы «Қамқорлық» оңалту орталығының басшысы А.Мұсафирова, Атырау облысындағы су шаруашылығының ардагері Н.Қонас, Ақтөбе облысының «Көпсалалы облыстық балалар ауруханасы» МКК балалар дәрігері Б.Медетбаев және басқалары марапатталды.
https://t.me/aqorda_resmi/36524
Қазақстан жолдарында заманауи бақылау жүйелері енгізілуде
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жан-жақты жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігін арттыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға, сондай-ақ жүргізушілер мен жолаушылар үшін қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Осы бағыттағы маңызды шаралардың бірі – көлік құралдарының орташа жылдамдығын автоматты түрде бақылайтын жүйелерді енгізу. Қазіргі уақытта мұндай жүйелер жалпы ұзындығы 3 мың шақырымнан асатын ақылы автомобиль жолдарының 15 учаскесінде жұмыс істейді. 2026 жылдың соңына дейін тағы 13 учаскеде орташа жылдамдықты бақылау жүйесін іске қосу жоспарланған. Нәтижесінде бақылау жүйесі жалпы ұзындығы шамамен 5,4 мың шақырымды құрайтын 28 жол учаскесін қамтитын болады.
Бұл жүйе көлік құралының екі бақылау нүктесінің арасындағы орташа жылдамдығын есептеп, белгіленген шектен асқан жағдайларды анықтауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл жүргізушілерді жол бойында жылдамдық режимін сақтауға ынталандырып, жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алуға ықпал етеді.
Сонымен қатар күрделі ауа райы жағдайларында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында лазерлік бағдарлау жүйелері енгізілуде. Қазіргі уақытта осындай 56 құрылғы пайдаланылуда. Олар тұман, боран, нөсер жаңбыр және көру мүмкіндігі шектелген жағдайларда жүргізушілерге жол бағытын дұрыс бағдарлауға көмектеседі.
«Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асырудың тағы бір маңызды бағыты – қауіпсіздік талаптарына сай жол инфрақұрылымын дамыту. Соңғы бес жылда республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 11 мың шақырымнан астамы I және II техникалық санатқа сәйкестендірілді. Бұдан бөлек, транзиттік көліктердің елді мекендер арқылы өтуін азайту мақсатында 65 айналма жол және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 38 жерүсті өткелі салынды.
Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу барысында жол жабынын жаңарту, жол белгілері мен қоршаулар орнату, сондай-ақ қозғалысқа қауіп төндіруі мүмкін учаскелерде қауіпсіздік шараларын күшейту жұмыстары жүргізіледі.
Автожол саласында «Заң мен тәртіп» қағидаты тек заманауи бақылау жүйелерін енгізумен шектелмейді. Бұл бағыттағы басты міндеттердің бірі – жол қозғалысына қатысушылардың заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру. Жылдамдық режимін сақтау, көліктер арасындағы қауіпсіз арақашықтықты ұстану және жол қозғалысының өзге де талаптарын орындау – әрбір жүргізушінің міндеті.
Көлік министрлігі уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, заманауи бақылау жүйелерін енгізу және қауіпсіз жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстарын жалғастырады. Қабылданып жатқан шаралар жолдағы тәртіпті нығайтуға, құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті қамтамасыз етуге және азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды
✔️Мемлекет басшысы салтанатты жиынға қатысушыларды Құтқарушы күнімен құттықтап, төтенше жағдай саласының қызметшілеріне ризашылығын білдірді.
✔️Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай саласының қызметшілері ешқандай қауіп-қатерден тайсалмайтын, сын-сағатта жедел шешім қабылдай алатын, арнайы даярлықтан өткен нағыз кәсіби мамандар деп есептейтінін айтты.
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
Ақтөбе облысында 1945 жылы салынған Қарауылкелді теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысанды жөндеу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылып жатқан еліміздің теміржол вокзалдарын жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Қайта жаңғырту барысында бір қабатты ғимараттың ауданы 112-ден 208 шаршы метрге дейін ұлғайтылды. Жақтау мен шатыр толығымен жаңартылып, қасбеті фиброцемент тақтайшалармен қапталған. Ішкі инженерлік желілер жаңғыртылып, әрлеу жұмыстары жүргізілді, іргелес аумақ абаттандырылды.
Ішкі бөлмелерде қабырғалар су негізіндегі бояумен сәндік сылақпен безендіріліп, «Армстронг» түріндегі аспалы төбелер орнатылған. Едендерді жабу үшін фарфор плиткалары мен модульдік винил тақталары қолданылған. Вокзал жаңа жиһазбен және қажетті жабдықтармен жабдықталған. Жұмыстарды жүргізу кезінде қазақстандық өндірістің материалдары қолданылды.
Қарауылкелді вокзалы 2 типке жатады. Станция арқылы Семей, Маңғыстау, Бейнеу, Атырау, Орал, Ақтөбе, Көкшетау, Бурабай, Қостанай, Шымкент, Түркістан, Тараз және Шумен байланыстыратын 12 пойыз қатынайды.
Президент ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі
✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларға ілтипат білдіріп, саммитті ойдағыдай ұйымдастырғаны және қонақжайлық көрсеткені үшін Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты.
– Қазақстан Түрікменстанның Ұйымға төрағалық жасаған кезеңінің нәтижелерін және ТМД-ның ортақ күн тәртібін ілгерілетуге қосқан үлесін жоғары бағалайды. Осыған орай, құрметті әріптес, Сіздің жоғары кәсіби деңгейдегі жұмысыңызға ризашылығымды білдіремін. Бүгінгі саммит Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 35 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Өздеріңізге мәлім, Қазақстан Ұйымның бастауында тұрды. 1991 жылы қол қойылған Алматы декларациясы шын мәнінде мемлекеттеріміздің тарихындағы бетбұрысты сәт болды. ТМД-ның құрылуы посткеңестік кеңістіктегі жаппай қақтығыстың алдын алды. ТМД-ның біріктіруші миссиясы елдеріміз тәуелсіздік алған кезеңде айқын көрінді десек, артық айтқанымыз емес. Одақ құрамындағы елдер ірге бөлген күрделі сәтте тарихи байланыстарымызды сақтап, мемлекетаралық ықпалдастықтың мүлдем жаңа форматын құрдық. Осы жылдарда Достастық ұйымы сенім мен ынтымақтастықты дәріптейтін тиімді көпжақты тетік ретінде бүкіл әлемге кеңінен танылды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
t.me/aqorda_resmi
Соңғы 7 жылдың ішінде қазақстандықтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 1,3 трлн теңге бағытталды
Соңғы жеті жылдың ішінде Қазақстанда азаматтарды тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге шамамен 1,3 трлн теңге бағытталды. Жыл сайын орта есеппен 3,3 млн пациент қажетті дәрілік препараттармен қамтамасыз етілді. Денсаулық сақтау министрлігі сатып алу жүйесін жетілдіру, дәрі-дәрмек бағасын төмендету және халық үшін емнің қолжетімділігін арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
2019-2025 жылдар аралығында тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге бөлінетін қаржының көлемі үш еседен астам өсіп, 83 млрд теңгеден 272,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды. Осы кезеңде тегін дәрі-дәрмек алатын пациенттердің саны 2,5 млн-нан 3,4 млн адамға дейін артты.
2026 жылы дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алудың жалпы жоспары 584,1 млрд теңге көлемінде бекітілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 9,6%-ға көп.
Сатып алу жүйесін жетілдірудің негізгі нәтижелерінің бірі – отандық өндірістің 66 дәрілік препаратының бағасын төмендету болды. Бұл бюджет қаражатын 10,3 млрд теңге көлемінде үнемдеуге мүмкіндік берді.
Денсаулық сақтау министрлігі отандық және шетелдік өндірушілерден тікелей сатып алу тәжірибесін де кеңейтуде. 2026 жылы тікелей келісімшарттар бойынша сатып алынатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың атаулары 404-ке дейін өсті. 2025 жылы бұл көрсеткіш 182 атауды құраған болатын.
Сонымен қатар халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық кеңейтілуде. Биыл БҰҰДБ, ЮНИСЕФ және туберкулезбен күрес жөніндегі халықаралық тетіктер арқылы 32 атаудағы дәрілік заттарды сатып алу көзделген. Өткен жылы бұл көрсеткіш 23 атауды құраған.
Сатып алу тетіктерін жетілдіру бюджет қаражатын тиімді пайдалануға, дәрі-дәрмек жеткізілімдерінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және пациенттер үшін тегін дәрі-дәрмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Аудан әкімі Қайрат Ақшолақ Шалқар қаласында салынып жатқан өнер мектебінің құрылыс алаңында болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Нысанды аралау барысында аудан басшысы құрылыс жұмыстарының қазіргі жай-күйін, орындалу сапасын және алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстарды қарады. Жауапты мердігер мекеме өкілдері құрылыс барысы туралы ақпарат берді.
Аудан әкімі әлеуметтік маңызы бар нысандағы жұмыстарды белгіленген талаптарға сәйкес сапалы жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
«Өнер мектебі – балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін маңызды нысан. Сондықтан құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән беріліп, әр кезеңі тиісті бақылауда болуы қажет», – деді аудан әкімі.
Шалқарда әлеуметтік нысандардың құрылысы жүргізілуде
Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Шалқар қаласындағы әлеуметтік нысандар - 150 балаға арналған өнер мектебі мен Шалқар аудандық ауруханасының стационарына жапсарлас салынып жатқан қосымша ғимараттың құрылыс барысын бағамдады.
📌 Шалқар қаласындағы жаңа өнер мектебі «Қазақстан темір жолы» компаниясының қолдауымен бой көтеруде. Жобаның жалпы құны 1,71 млрд теңге. Аумағы 2109 шаршы метр құрайтын нысан 150 балаға шақталған.
Құрылыс жұмыстарын «ATM Holding» ЖШС жүргізіп жатыр. Құрылыс биылғы наурыз айында басталды. Нысанды қараша айында аяқтау жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылысшылар ғимаратты әрлеп, жарық тартылып жатыр.
Жаңа өнер мектебі балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, музыка, өнер және басқа да шығармашылық бағыттар бойынша қосымша білім алуына мүмкіндік береді.
📌 Шалқар аудандық ауруханасының стационарына жапсарлас салынып жатқан екі қабатты қосымша ғимаратқа қаржы мемлекетке қайтарылған активтер есебінен бөлінді.
Құрылыс жұмыстары мамыр айында басталған. Мердігер – «МСФ «Мұнайқұрылыс» ЖШС. Қазіргі таңда нысанның шатыры жабылған, енді ішкі әрлеу жұмыстары басталмақ. Ғимаратты 2027 жылдың қаңтарында аяқтау жоспарланып отыр.
Жаңа қосымша ғимарат аурухананың инфрақұрылымын кеңейтіп, аудан тұрғындарына медициналық көмек көрсету жағдайын жақсартуға сеп.
🔹 Асхат Шахаров құрылыс нысандарындағы жұмыстардың қарқыны мен сапасына назар аударды. Өңір басшысы мердігерлерге құрылыс жұмыстарын белгіленген кестеге сәйкес жүргізіп, нысандарды сапалы әрі белгіленген мерзімде пайдалануға беруді тапсырды.
«Шалқар тұрғындары үшін бұл нысандардың маңызы зор. Жаңа Өнер мектебі балалардың шығармашылықпен айналысуы және қосымша білім алуына мүмкіндік береді. Ал аудандық аурухананың стационарын кеңейту халыққа медициналық көмек көрсету жағдайларын жақсартуға бағытталған.
Құрылыс барысында сапа талаптары мен белгіленген мерзімдер қатаң сақталуы тиіс. Бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуына ерекше назар аудару қажет. Нысандар пайдалануға берілген кезде барлық талапқа сай, толық дайын болуы керек», – деді облыс әкімі.
Қайрат Серікбайұлы Ақшолақ Шалқар ауданының әкімі лауазымына тағайындалды
Ол 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ұлты - қазақ, білімі - жоғары. 1994 ж. – Қазақтың мемлекеттік басқару академиясын «Қаржы және несие», 2002 ж. – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі академиясының Заң институтын «Құқықтану» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1990 жылы Шалқар эксплуатациялық учаскесінің операторы болып бастаған.
Әртүрлі жылдары Шалқар ауданы бойынша салық инспекциясының аға маманы және салық полициясының инспекторы, Қандыағаш, Шалқар станцияларында желілік полиция бөлімінің жедел уәкілі, кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторы, тергеушісі болып қызмет еткен.
2003-2018 ж.ж. Шалқар ауданы полиция бөлімінің тәрбие және кадр жөніндегі орынбасары, бастығы, Ырғыз ауданы полиция бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
2018-2020 жылдар аралығында Шалқар ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінгі күнге дейін Шалқар ауданы әкімінің орынбасары лауазымында болды.
ІІМ-нің цифрлық шешімдері мен «ақылды жаяу жүргінші» жүйесі жол қауіпсіздігін арттыруда
Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Ержан Саденов жол қауіпсіздігі саласында цифрлық технологияларды қолдану нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналы.
«ТОР» платформасы: ведомствоның барлық салалық цифрлық сервистерін біріктірді. Жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы көлік құралдарына мониторинг жүргізіліп, рөлде 8 сағаттан астам отырған жүргізушілер анықталады, сондай-ақ автокөліктер іздестіріледі.
«Ақылды жаяу жүргінші» жүйесі: өңірлерде жаяу жүргіншілерге жол бермеген автокөліктерді тіркейтін 126 құрылғы жұмыс істейді. Олар орнатылған жерлерде жаяу жүргіншілерді қағып кету фактілері тіркелмеген.
«Қорғау» жүйесі: жалған мемлекеттік нөмірмен жүрген, іздеуде жүрген көлік құралдарын жедел анықтауды, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілердің құқық бұзушылықтарын тіркеуді қамтамасыз етеді.
Құқық бұзушылықтарды тіркейтін автоматтандырылған кешендер: еліміздің жолдарындағы мұндай жүйелердің саны 28 мыңнан 32 мыңға дейін ұлғайтылды.
Лазерлік жүйелер: түнгі уақытта және ауа райы жағдайы нашарлаған кезде қозғалыс бағытын көрсету үшін жолдардың 22 учаскесіне 56 құрылғы орнатылды. Жыл соңына дейін тағы 20 учаскеге 48 жүйе орнату жоспарлануда.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында қабылданған шаралар нәтижесінде жол апаты көрсеткіштерінің төмендеуі байқалғанын хабарлады: жол-көлік оқиғаларының саны 5%-ға; қаза тапқандар саны – 15%-ға; зардап шеккендер саны – 6%-ға азайды.