
«Коммуналдық тұрғын-үй қорының тұрғын үйін жобалау және (немесе) салу, реконструкциялау бюджеттік бағдарламасы» бойынша «Ақтөбе облысы Шалқар қаласынан екі қабатты сегіз пәтерлік 3 жалдамалы-коммуналдық тұрғын-үйлер құрылысын салу» құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу бойынша облыстық бюджеттен 100000,0 мың теңге және аудандық бюджеттен 92586,8 мың теңге бөлініп, облыстық бюджеттен 76216,1 мың теңге және аудандық бюджеттен 92586,8 мың теңге игерілді. Облыстық бюджет қаржысынан 23783,9 мың теңге игерусіз қалды. Нысан жұмыстары 2024 жылға ауыспалы мерзіммен жүргізілуде.
Шалқар қаласының Сазтөбе көшесіндегі Даму аймағында ӘЖ-0,4 кВ электр желілерін салуға(КЖ-10 кВ-7,230км, КТПН-250кВА 10/0,4кВ-2 шт, КТПН-400кВА 10/0,4кВ -1 шт, 2 ӘЖИ-0,4кВ-2,110км, ӘЖИ-0,4кВ -3,100км, КЖ-0,4кВ-2,980км) мердігерлер «Компания «АрАй-НС» ЖШС, ТН-«Алатау сапа құрылыс» ЖШС, АН - «Инженерное проектирование» ЖШС-мен 504771,6 мың теңгеге келісім-шарт жасалынды. Құрылыс жұмыстары 7 айға жоспарланған, 10.05.2023ж. -10.12.2023ж. 2023 жылы 480561,5 мың теңгесі игерілді. Игерусіз қалған 24210,1 мың теңге 2024 жылға қаралып тұр. Уақытында нысанды тапсырмауына байланысты экономикалық сотқа берілді. ҚМЖ жүргізілуде. Шалқар қаласында шақыру пунктін салу үшін мердігер-«Қолғанат Құрылыс» ЖШС-мен 174869,8 мың теңгеге келісім-шарт жасалынды.
Құрылыс жұмыстары 5 айға жоспарланған. 04.08.2023ж. - 04.01.2024ж. аралығында. 2023 жылға-124870 млн теңге игерілген болса, 2024 жылға 50000,0 мың теңге жоспарланған.
«Коммуналдық тұрғын-үй қорының тұрғын үйлерін сатып алу» 2023 жылға Ұлттық қордан 96000,0 мың теңге бөлініп, толығымен игерілді. Нәтижесінде, 15 пәтер сатып алынып қолданысқа берілді.
Қала бойынша жеке тұрғын-үй құрылысын немесе кәсіпкерлік нысандарын салу үшін 01 қаңтар 2024 жылы 451 жер пайдаланушыға жалға берілген 470 жер учаскесі (жер көлемі 15280,8 га. жалдау құны 35560,0 мың теңге) тіркеуде тұр.