
2023 жылғы Шалқар қаласының бюджетінің атқарылуы:
- кірісі жағынан 357523,2 мың теңге;
- шығысы жағынан 358919,3 мың теңге болып бекітілсін.
Кірістерінің орындалуы:
Шалқар қаласының 2023 жылға арналған бюджеті кірістер бойынша 334 457 000 теңге болып бекітіліп, енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың нәтижесінде 357 523 200 теңге болды.
Қалалық бюджеттің 2023 жылға арналған жергілікті бюджет түсімдерінің нақтыланған жоспары 136 450 800 теңге.
Оның ішінде:
Салықтық түсімдердің нақтыланған жоспары 119 501 800 теңге. Нақты түсімі 135 684 200 теңге, жыл соңында 16 182 400 теңгеге артық орындалды.
Салықтық түсімдер 500 000 теңге, нақты түсімі 13 349 600 теңге, жыл соңында 12 849 600 теңгеге артық орындалды.
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 16 499 000 теңге, нақты түсімі 26 777 100 теңге, жыл соңында 10 328 100 теңгеге артық орындалды.
Қаланың 2023 жылға арналған жергілікті бюджетінің шығыстары 100 810 000 теңге болып бекітілді. Жыл бойына аудандық маслихаттың сессиямен 4 рет нақтыланып, шығыстар 119 501 800 теңге болды.
Бюджет қаражатының жыл басындағы бос қалдығы 1 396 100 теңге.
Бюджет шығыстарының орындалуы:
Қалалық бюджеттің 2023 жылға арналған шығыстары 334 457 000 теңге болып бекітілді. Жыл бойына аудандық мәслихаттың сессиясымен 4 рет нақтыланып, шығыстар 358 919 300 теңге болды.
Шалқар қаласына берілген барлық қаржы, мемлекеттік органның күрделі шығыстары, елді-мекендерді көгалдандыру және абаттандыру бойынша, елді-мекен көшелерін жарықтандыру, санитария, автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, автомобиль жолдарын күрделі жөндеу бойынша толығымен жұмсалды.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер үшін 126 959 500 теңге. Оның ішінде:
Аудандық бюджеттен 66 590 900 теңге көлемінде трансферт, жергілікті бюджет түсімдерінен 60 260 800 теңге бөлініп, толық жұмсалды.
Мемлекеттік органның күрделі шығыстары үшін жергілікті бюджет түсімдерінен 107 800 теңге бөлініп, толығымен жұмсалды.
Елді-мекендердегі көшелерді жарықтандыру үшін 43 923 900 теңге. Оның ішінде:
Жергілікті бюджет түсімдерінен 35 616 000 теңге, аудандық трансферттен 8 307 900 теңге бөлініп, толығымен жұмсалды.
Елді-мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге жергілікті бюджет түсімдерінен 4 469 200 теңге бөлініп, толығымен жұмсалды.
Елді-мекендерді абаттандыру мен көгалдандыруға 29 419 300 теңге бөлінді. Оның ішінде:
Жергілікті бюджеттің түсімдерінен 28 369 300 теңге, аудандық трансферттен 1 050 000 теңге бөлініп, толығымен жұмсалды.
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 57 093 400 теңге бөлінді. Оның ішінде:
Жергілікті бюджеттің түсімдерінен 9 800 000 теңге, аудандық бюджеттен 47 293 400 теңге трансферт бөлініп, толығымен жұмсалды.
Аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу үшін аудандық бюджеттен 97 045 600 теңге трансферт бөлініп, толығымен жұмсалды.
Салықтық түсімдер:
Салықтық түсімдердің нақтыланған жоспары 119 501 800 теңге 113,5% орындалды. Нақты түсімі 135 684 200 теңге, жыл соңында 16 182 400 теңгеге артық орындалды. Оның ішінде:
Жеке табыс салығы (КБК 101202) жоспар бойынша 47 699 400 теңге 113,4% орындалды. Нақты түсімі 54 107 500 теңге, жыл соңында 6 408 100 теңгеге артық орындалды.
Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық (КБК104102) жоспар бойынша 3 706 200 теңге 109,3% орындалды. Нақты түсімі 4 049 600 теңге, жыл соңында 343 400 теңгеге артық орындалды.
Жер салығы (КБК 104302) жоспар бойынша 3 366 200 теңге 110,4% орындалды. Нақты түсімі 3 716 800 теңге, жыл соңында 350 600 теңгеге артық орындалды.
Заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық (КБК 104401) жоспар бойынша 1 860 000 теңге 107,9% орындалды. Нақты түсімі 2 006 400 теңге, жыл соңында 146 400 теңгеге артық орындалды.
Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық (КБК 104402) жоспар бойынша 42 680 000 теңге 109,4% орындалды. Нақты түсімі 46 704 300 теңге, жыл соңында 4 024 300 теңгеге артық орындалды.
Тауарларға, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге салынатын ішкі салықтар жоспар бойынша 20 190 000 теңге 124,3% орындалды. Нақты түсімі 25 097 600 теңге, жыл соңында 4 907 600 теңгеге артық орындалды.
Салықтық түсімдер жоспар бойынша 500 000 теңге, 2669,9% орындалды. Нақты түсімі 13 349 600 теңге, жыл соңында 12 849 600 теңгеге артық орындалды.
Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер жоспар бойынша 16 499 000 теңге, 162,8% орындалды. Нақты түсімі 26 777 100 теңге, жыл соңында 10 328 100 теңгеге артық орындалды. Оның ішінде:
Жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер (КБК 303101) жоспар бойынша 15 449 000 теңге, 135,1% орындалды. Нақты түсімі 20 872 400 теңге, жыл соңында 5 423 400 теңгеге артық орындалды. Жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем (КБК 303202) жоспар бойынша 1 000 000 теңге, 590,5% орындалды. Нақты түсімі 5 904 700 теңге, жыл соңында 4 904 700 теңгеге артық орындалды.
2024 жылғы Шалқар қаласының бюджеті мынадай көлемде жоспарлануда:
- кірісі жағынан 882600,1 мың теңге;
Оның ішінде:
салықтық түсімдер -131121,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер-500,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер-15244,0 мың теңге;
трансферттердің түсімдері- 735735,1 мың теңге.
- шығысы жағынан 921964,1 мың теңге;