
Қазақстандық әр бала Ұлттық қордан төлем алады. Бүгінгі күні eGov mobile мобильді қосымшасы деректер базасында тіркелген барлық балаларды көрсетеді.
Бірақ кейбір ата-аналарда цифрлық құжаттар бөлімінде балалары көрінбейтін немесе қате көрсетілетін жағдайлар да кездесіп жатады, бұл олардың төлем алмайтынын білдірмейді, тек цифрлық құжаттарда ата-ана мен баланың арасындағы қарым-йқатынастың анықталмағанын білдіреді.
Оны түзету үшін не кажет?
- Цифрлық құжаттарда ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты орнату үшін eGov Mobile қосымшасын соңғы нұсқаға дейін жаңарту қажет, одан кейін «Отбасы» бөлімінде цифрлық құжаттарда «Баланы қосу» батырмасы болады.
- «Баланы қосу» батырмасын басқан соң, «Балалар туралы ақпаратты жаңарту» қызметі ашылады, онда барлық қажетті жолдарды толтыру керек, туу туралы куәлікті тіркеп, өтінішке қол қою қажет.
Өтінішті жібергеннен кейін 2-ден 5 жұмыс күніне дейін күту керек, өтінішті АХАТ қызметкерлері өңдейді. Өтініш өңделгеннен кейін сізге хабарлама келеді.
Өтініш өңдегеннен кейін балаңыз цифрлық құжаттардағы «Отбасы» тізімінде пайда болады